Шымшыма шумақтар

Шымшыма шумақтар
ашық дереккөз
Шымшыма шумақтар
Шайхан Хамзаұлы, зейнеткер.

Біздің ағай

Біздің ағай үш түрлі пәннен береді, Еңбек, дене шынықтыру, әннен береді. Ағайды бәріміз жақсы көреміз, Сондықтан айтқанына көнеміз.

Мысалы ол кісі кей кезде: – Балалар бас солқылдап барады, Тезірек дәрігерге жету керек. Ал сендерге директорға көрінбей, Жайлап шығып кету керек! – дейді.

Кейде ағай қалғыса, Жанына шыбын жолатпаймыз, Қоңырау соғылғанша оятпаймыз. Дене шынықтыруда ұлдар доп ойнайды, Қыздар жағы қуанып маг ойнайды.

Ән сабағында «Жар-жарды» айтамыз, Сабақ аяқталмай үйге қайтамыз. Ағай кейде карта ойнайды, Алтылық және вальта ойнайды.

Кейде бізге фокус көрсетеді, Ал көзі қызарып келген күні, Ептеп балаларға «бокс» көрсетеді. Мен мақтаймын досымдай, Біздің ағай осындай.

Қарғаның арманы

Ойға шомды қарға отырып бұтақта, Жазылсам деп, шіркін, қызыл кітапқа. Ұзақ айтты: «ей, қарғашым, ерігіп, Қам көңіліңді құр бекерге жұтатпа.

Кітап жайлы ойлайтын не бетің бар, Әрекетің бар ма сенің өтімді әр. Өзің үшін өзің ғана тәуірсің, Иттер иіскеп жемей тұғын етің бар.

Жөніңменен мақтан егер мақтансаң, Құр орынсыз үміт отын тұтатпа. Ең құрыса ала болмай, ақ болсаң, Мүмкін сен де жазылар ең кітапқа».

* * * Әркімнің де өз көңілі жоғары, Өкпешілдің кімге батар обалы. Ұзақ құстың сөзі дұрыс болғанмен, Қарғаға да армандауға болады.

Ұқсас жаңалықтар