Тәртіп сақшысы марапатталды

Тәртіп сақшысы марапатталды
ашық дереккөз
Тәртіп сақшысы марапатталды
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар тәртіп сақшыларын марапаттады. Аймақ басшысы антына адал ішкі істер органдарының үздік қызметкерлеріне шынайы ризашылығын білдірді. Бұл күні өзіне жүктелген міндетті сәтті орындап, сенім үдесінен шыға білген бірқатар қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Солардың қатарында облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінің бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы, әділет старшинасы Медеу Мейрамбайұлы Есмұрадов та бар. Айтулы мереке қарсаңында аталған ҚАЖ қызметкері Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.

Ұқсас жаңалықтар