- Advertisement -

Адам өмірінің қауіпсіздігі маңызды

80

- Advertisement -

Адамзат үшін басты байлық – денсаулық. Ал, «Ас – адамның арқауы» дейтін біздің халық денсаулықты сақтап, түрлі инфекцияларға қарсы тұру үшін бойдағы қуаттың, яғни иммунитеттің жоғары болуын ертеден-ақ ескерген. Күнделікті ішіп-жейтін ас-ауқатын өзі баққан малдан өндіріп алған халқымыз бір-бірімен көріскенде «Мал-жаның аман ба?» деп хал сұрасатынының астарында да осы ұғым жатса керек. Сапалы, табиғи, қауіпсіз тағам тұтыну үшін қорадағы төрт-түліктің саулығы аса маңызды. Облыстық ветеринариялық станциясы директорының міндетін атқарушы Ғабитбек Кебеевтің айтуынша, өткен жылы облыс аумағында 5 ауру түрінен 21 ошақ анықталған. Нақтырақ айтқанда, 6 құтыру, 8 бруцеллез, 5 сібір жарасы, 1 лептоспироз, 1 энтеротоксемия белгілі болған. Оларға карантин шаралары қойылып, аурудың көзін жою және сауықтыру жұмыстары толық жүргізіліпті.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар биыл да жалғасын тауып, аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 24,5 миллион манипуляция жүргізіліпті. Жыл басынан бері бруцеллезге тексеру үшін қан сынамасын алу бойынша 5,7 миллион манипуляция орындалып, диагностикалық тексерулер нәтижесімен бруцеллез ауруы анықталған 514 бас ауыл шаруашылығы жануарлары (мүйізді ірі қара-125 бас, ұсақ мал-389 бас) қолданыстағы Заң аясында санитариялық талаптармен сойылып, кезең кезеңімен қайта өңдеуге жіберілген.

– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы 2023 жылға арналған жоспарға сәйкес, облыс аумағында эндемиялық аймаққа енгізілген 37 елді мекенде 2,9 миллион шаршы метр аулалар мен қора жайлар және барлығы 506 мың ауыл шаруашылығы жануарларына аудан әкімдерімен бекітілген кесте бойынша үш кезеңдегі залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді. Дезинфекциялық дәрі-дәрмектерге берілген өтінімге сәйкес облыстық бюджеттен тікелей аудандарға 83 миллион 842 мың теңге қаражат бөлініп, акарацидтік препараттар сатып алынды. Өткен жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары облыс әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізіліп, 1 548 130 бас төл бірдейлендірудің деректер қорына енгізілді. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 4,2 миллион бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Толығырақ айтар болсақ, 495 385 мың мүйізді ірі қара, 3,5 миллион ұсақ мал, 5 616 шошқа, 186 896 мың жылқы, 7 мың түйе тіркелді. Облысымыз мал саны жағынан республика бойынша екінші орында. Әрине, өрістің малға толғаны, байлықтың артқаны қуантады. Соны сақтап тұру да үлкен жауапкершілік. Жалпы жануарлардың денсаулығын күтіп, қауіпсіздікті арттыру үшін өткен жылы облыс әкімінің №213 қаулысына сәйкес, аудандық ветеринариялық станцияларын қайта құру арқылы орталықтандырылған облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының облыстық ветеринариялық станциясы құрылған еді. Жаңа құрылым бойынша басқарма басшысы мен орынбасарына бағынысты облыстық ветеринариялық станциясы және аудандық 10 филиал, 160 ауылдық округте ветпункттер құрылатындығы да жоспарланды. Орталықтандырылған ветеринариялық ұйым құрылғаннан кейін, ветеринария саласында мемлекеттік сатып алуды орталықтандыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін болдырмау, ветеринар мамандардың айлық жалақыларын көтеру арқылы жұмыс сапасын арттыру, ветеринариялық пункттерде емдеу клиникаларын ашу арқылы ақылы қызметті көтеру сияқты бірқатар жұмыстарды жүйеге келтіру көзделген. Ветеринариялық станциялар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар болғандықтан мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы қызмет те көрсете алады. Ол жұқпалы емес және инвазиялық ауруларды емдеу, хирургиялық көмек көрсету бойынша жүргізіледі. Бұл бағытта ветеринар мамандар мен мал иелерінің уақытын үнемдеу, ветеринариялық көмекті дер кезінде көрсету мақсатында аудандар және ауылдық округтер аумағында 11 клиника мен 145 аптека ашылды. Аудандық ветеринариялық станциялары толық қызметтік ғимаратпен қамтылған және 160 ветеринариялық пункттің бүгінде 144-і қызметтік ғимаратпен қамтылды. Биыл 16 ветпунктті қамту жоспарланды. Сонымен қоса, ауылдық округтер аумағында орналасқан залалсыздандыруға арналған 41 биотермиялық «Беккер» шұңқырларының қажеттігіне қарай қосымша 10 шұңқыр салу жоспарланып отыр. Қала мен аудандардағы ветеринариялық станциялары және құрамындағы ветеринариялық пункттердің материалдық-тахникалық базасын жаңарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы қала мен аудандық ветстанцияларға 10 УАЗ автокөлігі берілген болатын, биыл да осы іс жалғасуы мүмкін, – деген Ғабитбек Ақылбекұлы қазіргі уақытта облыс аумағында эпизоотиялық ахуал тұрақты және күнделікті бақылауда екенін айтты.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support