- Advertisement -

Өзім туралы

106

- Advertisement -

1Алпысбай
Боранбайұлы

 

 

 

 

Пойызға мінсеңіз,
Кітап сатып жүр бір семіз.
Бұл семіздің аты-жөні
Сықақшы ақын Боранбайұлы
Алпысбай болады,
Білсеңіз.
Өзіміз семіз болғанмен
Кітабымыз қылдай арық,
Жұқа болмай қайтсын-ай,
Жүрмегесін пұлға жарып.
Иә, нарықтың аты нарық.
Бір біз емес, бәріміз де,
Болдық-ау біраз ғаріп.
Кітап шығаруға да ақша керек,
Қағаз керек, басқа керек,
Бәрінен бұрын
«Демеуші» дейтін «қасқа» керек.
«Демеуші құрғыр жоқ қой» – деп
Құдайдың қайдағы зарын айтпай,
Үйдегі барын айтсақ:

Құдайға шүкір,
1. Бір әйел,
Алты баламыз бар.
2. Малдан: бір сиыр,
Екі ұрғашы танамыз бар.
3. Жылымыз (1950) – барыс
Есімдері елге таныс
Көпен Әмір Бек, Әселхан Қалыбекова
Екеуі де құрдас, әрі сырлас,
Демеңіздер бізден жау келеді.
Жалпы барыс жылғылар,
Әселхан сияқты дәу келеді.
4. Мамандығымыз – инженер
5. Шығарған он-шақты кітабымыз бар
Ішінде әзіл-сықағымыз бар.
«Күліп жүрсін,
Оқып ап, біліп жүрсін», –
Деп шындықты қазып келеміз.
Айтпақшы, кітап алсаңыз
Стол емес, қарнымызға қойып,
Қолтаңба жазып береміз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support