- Advertisement -

Мемлекеттік тілдегі кіріс хаттар 6,14 пайызға өскен

91

- Advertisement -

Ата Заңымызда көрсетілгендей, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі – елімізде адам құқығы мен бостандығының сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Өйткені, сот беделі – мемлекет беделі. Ал, мемлекеттің бедел-абыройы қоғамның дамып гүлденуінің алғышарты. Бүгінде аудандық соттардан бастап, Жоғарғы сотқа дейін барлығы дерліктей сәулетті де, сәнді ғимараттарда орналасқан және судьялар мен сот қызметкерлеріне жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалынған.

Жуырда облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Думан Мәуленовтің төрағалығымен өткен жиында есепті кезеңдегі атқарылған жұмыстардың нәтижесі мәлім болды. Басқосу барысында сот төрағасы Д.Мәуленов облыс орталығындағы орналасқан ауданаралық сотының жұмыс істеу ауқымы кеңеюіне байланысты Төле би көшесінен Т.Ақбозов көшесіндегі ғимаратқа ауысқандығы жөнінде жеткізді.

– Бүгінгі күнге дейін сот үкімімен 62 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық іс қаралды. Бұдан бөлек, 345 азаматтық іс бар. Ал, қылмыстық істер бойынша 37, азаматтық іске қатысты 232 және әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша 52 тұлғаға 52 қаулы шықты. Атап өтерлігі, бұл кезеңде медиация тәртібімен 35 азаматтық іс қысқартылды, – деді Д.Мәуленов.

Жиында сондай-ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жөнінде де келелі ой қозғалды. Сот төрағасының сөзінше, қазіргі таңда сот өндірісіндегі мемлекеттік тілдегі кіріс хаттары өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 6,14 пайызға өскен.

 

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support