Бетқайнар колледжінде жаңа цех іске қосылды

Бетқайнар колледжінде жаңа цех іске қосылды
ашық дереккөз
Бетқайнар колледжінде жаңа цех іске қосылды
Қордай ауданындағы №7 Бетқайнар колледжінде үлкен тігін цехы іске қосылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz «Жас маман» жобасы аясында жүзеге асқан цехтың жұмыс қарқыны тоқыма фабрикасынан кем емес. Жетпіс адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуға қауқары бар цехтың техникалық базасы - өндірістің өріс алуына үлкен сеп. Мұнда тек киім-кешек қана емес, табиғи өнімнен шикізат өндіру де жолға қойылған. Мәселен, қой жүнінен киіз басып, көрпе-төсекке қажетті өнім дайындалады. Осылайша қыздың жиған жүгіндей, тәп-тәуір дүниелер пайда болады. Жалпы «Жас маман» жобасы сонау жастар жылы қолға алынған болатын. Бұл жоба «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Аталған жоба сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандық бойынша 180 кол­ледж бен 20 ЖОО-ын жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда ха­лықаралық тәжірибені енгізуді мақсат еткен еді. Цехтың жүйелі жұмысы туралы газетіміздің алдағы санында өндірісі өріс алған өлкеде іссапармен жүрген әріптесіміз, журналист Қамар Қарасаеваның көлемді мақаласынан оқи аласыздар.

Ұқсас жаңалықтар