- Advertisement -

Жас ұрпаққа ұлағат

34

- Advertisement -

Егемен еліміздің азаттығы – тәуелсіздігіміздің басты кепілі. Оның Қарулы Күштері – тәуелсіздігін қамтамасыз ететін саяси шыңдалған шыншыл әрі батыл, қайсар және қайратты, жауапкершілігі жоғары қалқан. Қарулы Күштер қатарын толықтыратын болашақ жауынгерлерді даярлау ісі мектеп қабырғасынан басталып, онда әскери-патриоттық үйірмелер жұмыс атқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі облыс бойынша департаментінің Жамбыл, Қордай, Меркі аудандары бойынша шекара басқармалары жалпы білім беретін мектептермен тығыз байланыста әскери-патриоттық клубтар құрып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жүйелі түрде кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Аталған аудандардағы басқармалардың тәрбиелік, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыс, құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламалары мен жоспарларын жүзеге асыру бойынша «Жас шекарашы» әскери- патриоттық сыныптары ашылды.

Атап айтсақ, Жамбыл ауданында Ә. Молдағұлова атындағы № 28 орта мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Думан Төлегенов, Қордайда Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия директоры Суджата Саятқызы, Меркіде А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшісі Нұрлан Темірбеков жалпы білім беретін мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп, жұмыс атқаруда. Бүгінде аталған сыныпқа 10-11-сыныпта оқитын оқушылар қабылданды.

Білім алушылардың қатарынан келесі жылға әскери оқу орнына түсуге үміткерлерді анықтап, қажетті бағыт- бағдар берілмек. Өз еркімен қабылданған оқушыларды бұдан кейін шекарашы курсанттар қамқорлығына алып, алғашқы әскери дайындық сабақтарын кестеге сәйкес жүргізіп отыратын болады. Қордай ауданы бойынша шекара басқармасының тәрбиелік, идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімі бастығының орынбасары Нұрбек Орақов «Жас шекарашы» әскери- патриоттық сыныбының болашағы зор және мектеп оқушыларын тәрбиелеуде маңызды қадам екенін айтты.

Камила АБСЕМЕТОВА,

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі облыс бойынша департаменті Жамбыл ауданы бойынша басқармасының кітапхана меңгерушісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support