Жеңіс күнін жақындатқан жамбылдықтарға құрмет көрсетілді

Жеңіс күнін жақындатқан жамбылдықтарға құрмет көрсетілді
ашық дереккөз
Жеңіс күнін жақындатқан жамбылдықтарға құрмет көрсетілді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтады. Алдымен аймақ басшысы қарт майдангер Мүтәліп Ережепбайға құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Ғасыр құрдасы Талас ауданының тумасы. Ол 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Жеңістен соң әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге қатысқан. 1950 жылы елге оралып, партия жұмыстарына белсенді араласып, журналистика саласында да жауапты қызметтер атқарған. Облыс әкімі Иван Макеевтің шаңырағына да барып, Президенттің Құттықтауын хатын табыстады. Майдангердің отты жылдардағы ерлігі мен қайсарлығын атап өтті.
– Арамыздағы өздеріңіз секілді ардагерлер мен тыл еңбеккерелеріне, сол кезеңнің куәгерлеріне деген құрмет, көмек көрсету – бүгінгі ұрпақтың негізгі міндеттерінің бірі, - деді облыс әкімі.
Фото: Ақәділ Рысмахан

Ұқсас жаңалықтар