Тарихи-танымдық жаңа портал іске қосылды

Тарихи-танымдық жаңа портал іске қосылды
ашық дереккөз
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

 

«Сайт әртүрлі ақпарат көздерінен жинақталған және Қазақстан халқының ерлігінің мәңгілік ескерткіші болып табылады. Пилоттық жоба 2023 жылы іске қосылып, азаматтық қоғам мен еріктілердің үлкен қызығушылығына ие болды. Сайттың функционалдық мүмкіндіктері кеңейтіліп, деректер толыққанды порталға жүйеленді. Бүгінгі таңда порталда 100 мыңнан астам қазақстандық ардагерлер туралы ақпарат бар. Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай портал барлық ардагерлер туралы деректерді біріктіреді деп үміттенеміз. Біз әрбір қазақстандықты ҰОС ардагерлері туралы қосымша ақпарат беру арқылы бұл жобаға өз үлесін қосуға шақырамыз. Кез келген адам жеке отбасылық мұрағаттарда сақталған құжаттармен сайтты толықтыруға көмектесе алады. Бұл фотосуреттер, құжаттар, майданнан келген хаттар және басқа материалдар болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар