Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Ғабиден Сабыралыны Оқу-ағарту министрлігі «Ең жас қатысушы» номинациясымен марапаттап, өзгелерге үлгі етті. Бұл лицей-интернаттан аталған олимпиадаға тағы екі бала барған болатын, олар да жүлдегер атанды. Атап айтсақ, Нұрқанат Қанат І орынның биігінен көрініп, алтын медальді, ал Ерасыл Жұмабай ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальді жеңіп алды. Үш оқушыны білім бәйгесіне алып барған «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімі Батырхан Худайбергенов бұл негізгі сабақтарға қоса өткізілетін дәрістердің жемісі дейді.
– Біздің лицейге оқушылар 7-сыныптан бастап келеді. Сол сәттен бастап негізгі сабақтармен қатар қосымша да оқытамыз. Биыл алтын медальді алған Қанат Нұрқанат өткен жылы күміс жүлде иегері атанған еді. Біз оқулықпен қоса Қазақстан тарихының 5 томдығымен және сол секілді кітаптармен де дайындаламыз. Оқушыларыма түбегейлі білім беру үшін тек теориялық оқытумен шектелмей, айына екі рет тарихи кешендерге саяхаттатамын. Олардың шығармашылығын дамыту үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне белсенді қатыстырып, көрген жерлерінен алған әсерлерімен эссе жаздыртамын. Сол арқылы тарих пен әдебиеттің байланысын ұғындырып, шетел тарихын да білулері үшін тіл үйренулеріне де көңіл бөлеміз. Оқушылармен бірге тарихи фильмдерді көруді әдетке айналдырдық. Өз елімізбен қоса шет мемлекеттерді де танудың арқасында өткен оқу жылында шәкірттерім Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен «Түркі халықтарының түркі әлемі» атты Халықаралық олимпиададан алтын, қола медальдарын алып келген болатын, – дейді Батырхан Әбдікәрімұлы.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Тектілік дәулетпен емес дәстүрмен өлшенеді
- 6 желтоқсан, 2025
Жетістікке жету жолында еңбек етеміз
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




