Жүк көліктерін өлшейтін жаңа станциялар іске қосылады

Жүк көліктерін өлшейтін жаңа станциялар іске қосылады
ашық дереккөз
Биылдан бастап жүк көліктерінің техникалық және метрологиялық нормаларға сәйкестігі автоматтандырылған жүйеде тексеріледі, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, Астана қаласында автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды.

«Бұл Қарағандыдан, Қорғалжын, Қарқаралы, Алаш, Тілендиев және Қосшы тас жолдарынан Астана қаласына кіреберіс жерлер. Қазіргі уақытта аталған өлшеу станциялары талап етілетін техникалық және метрологиялық нормаларға сәйкестігіне тексеріліп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін қалаға кіретін барлық жүк көлігі адамның қатысуынсыз автоматты түрде өлшенетін болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылғы желтоқсанда автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату және жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Заң қабылданды. Жергілікті жолдарда станцияларды орналастыру жергілікті атқарушы органдарға, ал республикалық жолдарда «ҚазАвтоЖол» АҚ-ға жүктелген. Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді. Ал талап-тәртіптен бас тартып, айналма жол арқылы жүріп өту фактісі тіркелсе, жүргізушіге әкімшілік жаза қарастырылған. Құқұқ бұзушылықтарды тіркеу және айыппұл салу «Сергектің» көмегімен автоматты түрде ресімделеді. Фото: ашық дереккөз

Ұқсас жаңалықтар