«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қариялар қайырымдылық жасады

Қариялар қайырымдылық жасады
Ашық дереккөзі
«Апат айтып келмейді» десек те, еліміздің көптеген аймақтарында көктемге қарай қардың еруінен болатын су тасқыны биыл да қайталанып отыр. Бұл жолы су тасқынының қарқыны қатты. Елдің батыс, солтүстік, шығыс аймақтарында, тіпті Қазақстанның орталық өңірлерінде де, ауылдарды да су басып, тұрғын үйлер жарамсызданып, адамдар қиын жағдайға тап болуда. Кейбір жерлерде елді мекендердің картадан жойылып кетуі қаупі де бар. Осындай сын сағатта тасқыннан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға жұмылуға Қазақстан халқының қатарында облыс тұрғындары да гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысуда.

Облыс орталығы Тараз қаласы мен орталықтарымызда арнайы көмек қорын жинастыру пунктері ашылып, оған адамдар тұтынуға жарамды заттар мен бұзылмайтын азық-түлік тауарларын әкеліп тапсырып жатыр. Қаржылай қолдау көрсетіп жатқандар да бар. Осыған дейін облыстан қайырымдылық көмегін артқан керуендер су тасқыны болған аймақтарға аттанып кетті. Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру жүйелі жалғасуда.

– Біздің қарияларымыз қаланың кейбір аудандарынан көмекке жиналған заттарды артып алып, апат болған аймақтарға аттанған керуендерді шығарып салу рәсімдеріне қатысып, сапарға шыққандарға ақ жол тілеп баталарын беріп қана қоймай өздері де көмек қорына барларын қосып жатыр, – дейді Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев. Айта кетейік, бұл заттардың ішінде киім-кешек, көрпе-төсек, күнделікті тұтыну тауарлары мен бұзылмайтын азық-түліктер мен сусындар, тіпті жас балаларға арналған памперстер де бар. Қайырымдылық барысында ақшалай көмек көрсетуге және зейнетақыларының шамалы бөлігін аударуға ниет білдіргендер де бар. Әрқашан жастарға өнеге боларлық игі істердің қасында жүретін қалалық ардагер қарттардың қайырымдылық шарасынан қалыс қалмағанына біз де қуандық.

Жуырда гуманитарлық көмек тиелген кезекті жүк көлігін «Ақ жол» тілеген ардагерлер Батыс Қазақстан облысына қарай жолға шығарып салды.

– Қайырымдылық іс-шарасы Ардагерлер кеңесінің «Күшіміз – бірлікте!» атты арнайы жобасы аясында ұйымдастырылды. Осындай қиын-қыстау кезеңде ардагерлеріміз бір кісідей жұмыла отырып, ең қажетті деген заттарды жинақтап, қолдан келген көмектерін аяған жоқ. Тасқын судан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмекке атсалысқан қайырымды жандарға, барлық ардагерлерге жасаған жақсылықтарына Алла Тағала мың сауап жазсын, оларға шексіз алғысымды білдіремін, – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Болат ЖАППАРОВ,

ардагер журналист.

Ұқсас жаңалықтар