Жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты

Жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты
ашық дереккөз
Жазасын өтеушілер өзара бақ сынасты
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында бұқаралық спорттан жарыс ұйымдастырылды. Бұл күні сотталған азаматтар жасыл алаңда кездесіп, теңбіл доптан өзара кім мықтыны анықтады. Қос командаға бөлініп, шеберліктерін шыңдаған жазасын өтеушілер тартысты ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жеңіске жету жолында табандылық танытқан белсенді құрама тұғыр биігіне көтерілді Айта кетейік, бұл жарысты ұйымдастырудағы басты мақсат – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану.

Ұқсас жаңалықтар