- Advertisement -

Қордың көмегі көп

77

- Advertisement -

«Қариясы бардың – қазынасы бар» деген сөз, тегі, рас. Аудандық ардагерлер ұйымы биыл көптеген игі іс-шараларды жүзеге асырды. Мал, егін шаруашылығы салаларындағы науқандық жұмыстардан да шет қалмады. Ақсақалдарымыз ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерін ортаға салып, әркезде де алдыңғы саптан табылуда.
«Мектепке жол» акциясы кезінде де ақсақалдарымыз айрықша белсенділік танытты. Аудандық ардагерлер ұйымының облыстық зейнеткерлер форумын, сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе қарттар және мүгедектер күндеріне орай мәдени-көпшілік іс-шараларын өткізуі де тағылым аларлықтай болды.
Ең бір атап өтерлігі, олардың бастамасымен ауданның қоғамдық өміріне етене араласатын қайырымдылық қорының құрылуы болды. Бұл бастаманы аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары бірден қолдап, шамалары келгенінше көмектерін көрсетті. Жиналған астық өнімдерімен бөлісіп, қайсыбірі жеке қаражаттары есебінен қордың қоржыны толығуына септесті. Соның нәтижесінде ортаға түскен астық ұнға айналдырылып, нақты ақшаға макарон өнімдері сатып алынып, оларды керегімізше пайдалануға қол жеткізудеміз. Әсіресе, әлеуметтік аз қорғалған санаттағыларға қолда барымызбен жәрдем беріп, қарайласуға мүмкіндік туып отыр.
«Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты аудандық байқаудың 41 қатысушысына, Төле би ауылында мүмкіндігі шектеулі 23 балаға, Шу қаласында 43 бала мен жасы 100-ден асқан 8 қарияға, үш Ауған соғысы ардагеріне, ауылдық округтердегі тұрмысы төмен 42 отбасына тегін ұн, 25 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге, 21 көмекке мұқтаж зейнеткер ұстаз бен дәрігерге бір қапшықтан макарон өнімдері таратылып берілді. Қор есебінен мұндай көмектер көрсетілуі келер жылы да жалғаспақ.
Осындай игілікті істердің бастамашысы, ұйытқысы болып жүрген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлына, орынбасары Шалғынбай Малдыбаевқа, хатшы, көмекшілері Дәнен Бейсенбаеваға, Тоқтасын Омбаевқа, Есмахан Жиенбековке, Ошақбай Есжановқа елдің айтар алғысы шексіз.

Аманжан ӨТКЕЛБАЙҰЛЫ,
зейнеткер.

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support