- Advertisement -

«Жау шақыру» жақсылық емес

19

- Advertisement -

Жамбыл облысының 6 ауданында қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялау керек деген сөз Facebook әлеуметтік желісінде бірер күннен бері желдей есті.

Айдың, күннің аманында бұл не сөз деген ойға қалдық. Биыл көктен жаңбыр тамбай қалған жоқ қой. Құдайға шүкір, нәсібін көктен тілейтін шаруа үшін Жаратқан Ие бұйырғанын берді. Ағын су да құрдымға кеткен жоқ. Ел ішіне ірткі салып, шаруаларға «қамқор» бола қалатын кейбіреулер осындай кезде шаруаға жаны ашып, өздеріне ұпай жинау жағына «жалт бұрылады». Олардың арасында облыстағы қоғамдық ұйымдардың жетекшілері және аудан басқарып жүрген азаматтардың да бар екенін қалай түсінеміз?

Тіршілік нәрін тиімді пайдалана алмаған шаруалар мен оларға жол көрсетіп, жөн сілтейді деген атқамінерлердің айтары осы болса, қалай ел боламыз? Төтенше жағдай деген ақ түтек боранда, халық басқа да қиын жағдайға тап болғанда жарияланбаушы ма еді?

Рас, ағын су тапшы. Бұл мәселені осы әлеуметтік желіде әлденеше рет көтердім. Соған әріптес-шаруалар селт етті ме, жоқ па өзі, беймәлім.

Су үнемдеу технологиясын көптеп енгізу, жерасты суын игеру туралы жазудай-ақ жазып, айтудай-ақ айтып келеміз. Енді келіп, мемлекеттен алған несиені қалай қайтарамыз деп өре тұру қай ақылға сыяды? Өнім ағыл-тегіл болған жылдары да Тараз қаласының базарларында, басқа да сауда орындарында жергілікті азық-түлік тауарлары қашан сыймай тұрып еді? Барлығы қырғыз бен өзбек ағайындардікі ғой.

Ел аман, жұрт тынышта «жау шақыру» дегеннің өзі жақсылықтың нышаны емес…

 

Жұмасейіт НҰРБАЕВ,

кәсіпкер, Тараз қаласының тұрғыны.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support