- Advertisement -

Ауылды жиде, шеңгел басып барады…

609

- Advertisement -

облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы назарына!

Ауылды мекен етіп отырмыз. Айнала-төңірегіндегі құм, бел, сай-сала, жазиралы даласындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтап, қорғау борышымыз екенін де жақсы білеміз.
Мысалы, біздің ауыл дала мен құмның арасын алып жатыр. Соңғы 20-30 жыл ішінде ауыл маңайына шөлге төзімді жабайы жиде мен шеңгел қаптай өсіп, басып барады. Жасыл желекке жатады десек те, оның ауылдықтар үшін пайдасынан гөрі зияны көбірек болып тұр. Шабындық пен мал жайылымын тарылтып, тікенектері мал тұяғын жаралап, ақсатуда. Бұған қарсы қоярлық не амал бар?
Ал сол жер талғамай шашылған дәнінен өніп, жылдам көбейетін жиде талыңыз – мемлекеттің қорғауында. Мұның өзі ауылдықтардың оны кесіп, отынға, қора-қопсыны жөндеуге пайдалануына қолбайлау болып тұр. Мысалы, қасқырлар да көбеймес үшін рұқсат етілген көлемде ауланып жүр емес пе? Жабайы жиде ағаштарының да белгілі бір уақыт аралығында оталып-күзеліп, реттеліп отырғаны жөн секілді. Біздіңше, табиғаттың да, өсімдіктер дүниесінің де тепе-теңдігі сақталуы тиіс.
Сала мамандары жиде, шеңгелдің одан әрі таралмауы үшін көлеміне шек қоюды ойлай ма екен?

Әбітбек ЖАҢБЫРШИЕВ,
ауыл тұрғыны.

С. Шәкіров ауылы,
Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support