- Advertisement -

Берекелі бизнес

113

- Advertisement -

Табысқа жетудің жолы қай кезде де жеңіл емес. Жақсы нәтижеге барлық қиындыққа шыдаған адам ғана жетеді. Бұл сөзіміздің Қордай ауданы Қарасай ауылындағы «Сұлтанғазы» шаруа қожалығының төрағасы Жалғасбек Сұлтанғазиевке де тікелей қатысы бар.

Жалғасбек жас күнінен еңбекке төселіп, шаруаға шынығып өсті. Кеңшарда трактор да жүргізді, жылқышы да атанды. Қолына ақ таяғын алып, қой да бақты. Еңбек адамдарымен араласып, басшылардан үйреніп, өзіне қажеттісін ала білді. Мал баға жүріп, өзіне төрт түлік жинады. Өзінің жеке шаруашылығын ашуды ойластыра бастады. Осыдан 14 жыл бұрын Жалғасбек екі биені байлап, қымызын сатып, кәсіпкерлікке қадамын бастап кетті.

Отағасының ниетін асыл жары Гүлнәр Сұлтанғазиева қолдап, түсіністік танытты. Отбасында ынтымақ болған жерде берекеге де жол ашылады. Сол екі бие жылдан- жылға көбейе берді. Қазіргі таңда «Жалғасбек» шаруа қожалығында 150 жылқы, 550 қой бар. 16 гектар егістік, 320 гектар жайылымдық жерлері және бар. Қожалық 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 95 мың теңге. Бірақ, жалақыдан бөлек, жылына әр жұмысшыға бір тай, 10 қозы сыйақы беретіндері бар.

– Мал шаруашылығымен айналысу оңай шаруа емес. Жылына 4 мың түк жоңышқа, 50 тонна жем қажет. Жем-шөпті жеткілікті жинап аламыз. Болашақта 100 бұқа байлап, шаруашылығымды кеңейтуді ойлаймын. Ол кезде жұмысшылар саны да артады, – дейді Жалғасбек Абазұлы.

Қазір бұл шаруа қожалық 30 бие байлап, тәулігіне 120 литр қымыз сатып отыр. Литрі – 900 теңгеден. Тапсырыс берушілер шаруа қожа лық басынан өздері алып кетіп жатады екен. Жалғасбектің екі ұлы жауапты қызметтерде. Қанат кеденде еңбек етсе, Самат әскери салада қызмет етеді. Келіндері Нұрсипат пен Айзат та мал шаруашылығына бейім. Балалары жұмыстан қолдары босағанда әкесі басқаратын шаруашылыққа асығып тұрады. Жалғасбектің қазір 7 немересі бар. Немерелері Әлмира, Сезім, Інжу бие сауа береді. Жалғасбек келешекте ауыл маңындағы т аудың арасынан демалыс орнын ашуды да көздеп отыр.

 

Қордай ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support