- Advertisement -

Мейрімді болғанға не жетсін

100

- Advertisement -

Тағдырдың тауқыметі шығар түрлі жағдайда ата-анасынан айырылған, әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған балалар бар. Ал оларды жетімсіретпей, кемсітпей, қатарға қосу – алдыңғы толқын аға буынның міндеті. Қоғамның ізгілігі осы. Облыстық білім басқармасы жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың күнделікті өміріне, білім алуына және тәрбиесіне көмек көрсету үшін әрдайым түрлі акциялар, қайырымдылық шараларын өткізіп отырады. Жуырда ұйымдастырылған іс-шара үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы балаларды қыстық киімдермен қамтамасыз етті.
Руслан – Шөлдала ауылындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы. Ата-анасынан ерте айырылған Русланды әкесінің әпкесі өз қамқорлығына алған. Сынып жетекшісінің айтуынша, оның сабақ үлгерімі жақсы, тәртібі де жаман емес. Біз баланың жай-күйімен танысу үшін арнайы мектепке бардық. Оған басқарма қызметкерлері тарту еткен қыстық күртеше жараса кетті.
Сала мамандары Тараз қаласындағы №38 және №29, 49,47 орта мектептердің оқушыларына қыстық күртеше мен жылы аяқ киім және тәттілер үлестірді.
– Облыстық білім басқармасы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қол ұшын беру мақсатында тағы бір шараны қолға алып отыр. Яғни, қаладағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 5 оқушыға қыстық киімдер алып беруді көздедік. Қайырымдылық шарасына «Освобождение юг» қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстанның болашағы үшін» үкіметтік емес ұйымы өз үлестерін қосып, демеушілік жасады. Осындай қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру арқылы біз оқушылардың сабақтан қалуының алдын аламыз. Бұл балаларымыздың сапалы білім, жақсы тәрбие алуына қосатын біздің үлесіміз болмақ, – дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.

Наурызбек сарша,
«Ақ жол».

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support