- Advertisement -

Найзағай «түсірген» карта

105

- Advertisement -

Бұл сурет маусым айының ортасында Балқаш көлінің солтүстігінде орналасқан Ақжайдақ ауылының маңында түсірілді. Осы өңірге жасалған арнайы экспедиция кезінде «National Gеographic Қазақстан» журналының қызметкерлері табиғаттың сирек кездесетін таңғажайып құбылысына тап болды.
Қас қарая бастаған, жауын аспанның түбі тесіліп кеткендей шелектеп құйып тұрды. Жауын төрт сағаттан астам уақыт бойы толастаған жоқ. Жиі-жиі күн күркіреп, түнгі аспанда найзағай тынымсыз ойнап жатты. Жасын оты көк күмбезінің әр жерінен 4-5 секунд сайын жарқылдаған. Бұл шын мәнінде аса бір үрейлі көрініс еді.
Алайда, «National Gеographic Қазақстан» журналының шеф-фотографы Ерболат Шадрахов қауіп-қатерге қарамады. Көзге түртсе, көргісіз қараңғылықты тілгілеп, айналаны жап-жарық еткен жай оты көкке түрлі картаны түсіріп жатқандай. Үсті-басы малмандай су болса да, бір сағат жауынның астында жүріп, бірнеше жүздеген кадр жасап үлгерді. Мына сурет солардың ішіндегі ең үздігі деп танылып отыр. Ол бір қарағанда Қазақстанның картасына да ұқсап кететін секілді.
Жергілікті балықшылар бұндай құбылысты жетпісінші жылдары ғана көргенін айтады. Жаңбырдың өзі жылына санаулы рет жауатын өңір үшін бұл шынымен де таңғаларлық жағдай болатын. Бір ғана найзағай разрядының ток күші 500 мың амперге, кернеуі он миллионнан миллиардтаған вольтқа дейін жетеді. Ғалымдар оны пайдалануға болатынын көптен айтып жүр. Талай энергетиктің қиялын арбаған «аспан энергиясы» игерілсе, жер планетасы сөзсіз электр тапшылығынан құтылар еді…

Мақсат Ясылбайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support