- Advertisement -

Асқазанынан 14 килограмм шаш шыққан

87

- Advertisement -

Британдық Софи Кокс дәрігерлерге соңғы бірнеше айда ішінің қатты ауырып жүргенін айтып, шағымданған. Бірақ, аурудың себебін нақты атап көрсете алмапты. 

Дәрігерлер көпке дейін нақты диагноз қоя алмаған. Асқазан ауруының себебі неден екенін эндоскопиялық тексеруден өткізгеннен кейін бір-ақ біліпті. Шұғыл ота жасауға шешім қабылданып, хирургтар әйелдің асқазанынан 14 килограмм шаш алған. Мамандардың айтуынша, бұл соңғы 7 жылда жиналған шаш екен.
23 жастағы Софи Кокс жеті жыл бұрын трихотилломания, яғни өзінің шашын өзі жұлып алатын ауруға шалдыққан екен. Екі жыл бұрын дәрігерлер оған трихофагия – өзінің шашын өзі жеп қоятын дертке шалдыққанын айтып, ескерткен. Бірақ, науқас бұған аса мән бермеген.
«Мен ойланып отырып, өз шашымды бір талдап жұлып аламын. Сосын оны қалай жеп қойғанымды да байқамай қаламын. Бірақ, осы әдеттің мұншалықты қауіпті екенін білмеппін», – дейді ол.
Әйелдің дерті жүкті болғаннан бастап қатты біліне бастаған. Ол салмақ қосудың орнына күн санап арықтап, жүдеп кеткен. Ішінде бұрын-соңды болмаған түйіліп ауыру болған. Босанғаннан кейін тіптен басын көтере алмай қалыпты.
Ота жасалған соң Софи Кокстің жағдайы жақсарған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support