Ел жаңалықтары
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы
- author «Ақ жол»
- 22 қараша, 2023
- 5.8k
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты.
Осылайша, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті, шикізаттық емес экспортты және т.б. ынталандырмақ.
📌Осы бағыттарда және жалпы Қазақстан экономикасын дамыту бойынша бір жылда жүргізілген жұмыстар туралы Primeminister.kz редакциясының кезекті материалынан оқи аласыздар.
💰2022-2023 жылдары $41,3 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. ✍️Отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған ҚР-ның «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңына түзетулер әзірленді. 🔍Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді. ✅Экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды: 🟢ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері; 🟢7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны; 🟢автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер. ✍️ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. ✅ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. 🟢Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылды. ✅«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң қабылданды. 🟢Бүгінгі таңда 11,3 млрд теңгеден астам сомаға 7,1 мың азамат банкрот деп танылды. ✅Тариф белгілеудің барлық процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделген тарифтік реформа басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді