- Advertisement -

Музыка – тылсым күш

131

- Advertisement -

 Қобызда күй ойнатып, сырқат жанды емдеген, домбырада күй шертіп, қайғы жұтқан адамды төсегінен тұрғызған деген әңгімелерді ертеректе көбірек еститінбіз. Сол сәтте оны құлақ қойып тыңдасақ та, бұған аса мән бере қоймаған екенбіз. Жақында музыканың тылсым әсері жайлы бір хикая естідім. Сонда ғана сазды әуеннің қандай жұмбақ сыры бар деп ойлана бастадым.

Бұл әңгімені бір қаламгер ағамыз айтып берген. «Жұмысыма іздеп келіп, басынан өткен жайтты баяндаған өзге ұлттың өкілі қазақшаны қазақ әнін тыңдаудың арқасында бір күнде үйренгенін айтты. Бастапқыда бұған сеніңкіремедім. Ол басынан өткендерін тізбектеп айтып шыққанда, иланбасқа шарам қалмады. Ол бірде ұйқыдан Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасын» шырқап жатып оянып кетіпті. Ояна салысымен гитараны алып, әуенді қайталағанда бұрын орындамаған әннің сөзін түгелдей жатқа айтып шығыпты. Ал мына оқиғасы тіптен қызық. «Бірде жұмыстан шаршап келіп, музыка тыңдап жатқанмын», – деп жалғады ол әңгімесін. Бір сәтке көзі ілініп кеткендей болған ба, әуен жоғалып кетіпті. Оған далада шеті мен шегі көрінбейтін құм үстінде келе жатқан екі бала елестеген. Екеуі де әбден шаршаған, шалдыққан. Бір жұтым суға зар болып келеді екен. Бір сәт баланың бірінің әлі құрып, құлап түседі. Екіншісі оған тұра ұмтылады. Денесімен қалқалап, көлеңке түсіруге тырысып, әуреге түседі. Кәдімгі теледидардан күнде көріп жүрген бейнеклиптердің бірі секілді. Өлеңнің сөзі жақсы екен деп ойлауы мұң екен, оянып кетіпті. Әлгі әуен қайта жалғасыпты. Сонда ғана оның ағылшын тілінде орындалып жатқанын түсінген. Әнді бірден таспаға жазып алып, тіл білетін мамандарға апарады. Көргенін айтып бергенінде, олар қатты таңғалыпты. Әннің мәтінінде ол көрген оқиға баяндалады екен. Осы әңгімені естігелі бері музыканың энергетикалық байланысы бары рас-ау осы деп ойланып жүрмін», – деді.
Мамандар кәдімгі музыканың тылсым әсері болады дейді. Музыка, ән-күй мен дыбыстың да шипалы-шипасыз, кері әсерлісі де бары анықталған. Адамның жан дүниесі тәтті бір ұйыған, тыныштықта болу үшін жайлы, нәзік музыканы тыңдау пайдалы екен. Ата-бабаларымыз ертеден-ақ музыка өнерінің тозған, шаршаған жүйке талшықтарына қозғау салып, жан бітіретін күшке ие екендігін білген. Музыкатерапевт-емші Рушель: «Музыкамен емдеу жылдар бойы адамның өмірін қинаған, жүйке-жүйелерін тоздырған және өте қауіпті, асқынған сырқаттарын емдеуде зор көмегін тигізеді», – деген.

Камила Борашова,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support