- Advertisement -

«Атамыздың асына емес, қасына барып жүрмейік…»

78

- Advertisement -

Осыдан бірер жыл бұрын Байзақ датқа Мәмбетұлының 225 жылдығы Сарыкемерде кеңінен аталып өткен болатын. Сол мерейтойда алдымен ауданның жақсылары, батырдың ұрпақтары аудандық Мәдениет үйінде Байзақ батырға арналған жиынға қатысып, сол жүздеген кісі түске таман Тараздағы «Бақ сарайы» мейрамханасында батырдың рухына арналып жайылған дастарқанға шақырылады. Ақын Қасқырбай Нарбатыр да аудандық Мәдениет үйінен ең соңынан шығып, ыңғайы келген көлікке отырып, Таразды бетке алады. Ол шыққанша көліктердің алды ұзап кеткен екен. Дегенмен, Қасекең мінген көліктің жас жүргізушісі пысықтық танытып, жылдамдықты молайтып, барлық көліктен озып, көліктер тізбегінің алдына бір-ақ шығыпты. Сонда Қасқырбай ақын:
– Әй, айналайын, Асқар інім, абайлашы! Жылдамдықты азайтшы аздап! Атамыздың асына барамыз деп, қасына барып қалып жүрмейік, – деген екен.

Дайындаған
Есет Досалы.

Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support