- Advertisement -

Танасын табанынан таныпты

98

- Advertisement -

Бір жолы Тұрсынбайдың танасы жоғалады. Оны іздеп жүріп көрші ауылда қорада қамаулы тұрған жерінен табады. Өз малын танып алып кетейін десе, әлгі үйдің иесі мал менікі деп таласатын көрінеді. Содан екеуі ауылдың қарияларын жинап, дауларын шештіреді.
– Малдың өзіңдікі екеніне айғақ дәлелің бар ма? – деп үй иесінен сұрайды қариялар.
– Жоқ, дәлелім жоқ, бірақ тана қорамда тұр. Өз малым, – дейді үй иесі. Қариялар Тұрсынбайдан да «Малыңды бұлтартпай танитын дәлелің бар ма?» деп сұрапты. Сонда Тұрсекең:
– Анық дәлелім бар. Қазір мына тананы жығып, табанын көріңіздер. Алдыңғы екі табанында «Т» деген таңба бар. Ол –Тұрсынбай деген сөз. Сол таңба – менің дәлелім, – дейді.
Қариялар тананы жықтырып қараса, алдыңғы екі табанында «Т» деген таңба бар екен. Мал өз иесіне, Тұрсынбайға қайтарылады. Сонда:
«Жоғалып кеткен тананы Тұрсынбай табанынан табады, қариялар жарады», – деп әндеткен екен.

Есет Досалы.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support