- Advertisement -

Мемлекет таңдаған жолда бір болуымыз керек

66

- Advertisement -

Президенттің сұхбатын асықпай, әр тарауына мән беріп оқып шықтым. Себебі, Мемлекет басшысының сөзі аса маңызды. Мен облыстық деңгейде қаржы саласында еңбек еткен адаммын.

Сондықтан, әсіресе, экономикалық тақырыптарға ерекше назар аудардым. Мемлекет басшысының «Халықаралық валюта қорының сарапшылары 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі жалпы өнімі қазіргі бағамен есептегенде 259 миллиард доллардан асады, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық деп бағалап отыр. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғары ақшалай өсім. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім де өсіп келеді. Бұған қатысты болжамды көрсеткіш былтыр 13 мың долларға жуықтады», деген сөзі көңіліме қуаныш ұялатты. Мемлекет мықты болуы үшін тыныштық, тұрақтылықпен қатар, экономикалық жағдайы да жоғары болуы тиіс.

Қаржылық мүмкіндіктері үнемі дамып отыруы керек. Сонда мемлекетіміз нығая береді. Біздің мемлекеттің білім, денсаулық, мәдениет салаларына бөліп жатқан қаражаты да қомақты. Еңбектің бағалануы – мемлекеттің үлкен қамқорлығы. Бізде отыра қалып, мемлекетке көңілі толмайтын сөз айту көбейіп барады. Солай теріс сөйлейтіннің ішінде қарттар да бар. Міне, бұл дұрыс емес. Қайта мемлекеттің алған бағытын қолдап, жастарға тәрбие беріп, жан-тәнімізбен осы мемлекетке үлес қосуымыз қажет.

Президенттің орасан зор жұмысына, жүргізіп отырған жарқын саясатына тамшыдай болса да үлесімізді қосуымыз керек. Мемлекет басшысының сұхбатын оқи отырып, Отанымыздың жарқын болашағына сенім, таңдаған жолымыздың айқын екеніне қуандым.

 

Шәріпбай ДӘУЛЕТБАЕВ,
облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support