- Advertisement -

Ауылда спортпен шұғылдану тегін

11

- Advertisement -

Өткен жылы Қасық ауылдық округінде атқарылған жұмыстар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қордай ауданы, Әлжан ана ауылдық округінің әкімі Айдын Мұхитұлы есеп берді.

– Округте жалпы халық саны 4767 адам, аула саны 915-ті құрайды. Оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар саны 2643, бюджеттік салада жұмыс істейтіндер 542 адам, жеке шаруашылықта жұмыс істейтіндер 2101, зейнеткерлер саны 523, мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 90 адам. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жоспардағы 8 азаматтың орнына 13 азамат жастар тәжірибесінен өтті. Сонымен қатар, 6 азамат 8,3 миллион теңгеге мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, өз кәсіптерін ашты. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспары бойынша 2 азамат, орындалғаны 3 азамат, ақылы қоғамдық жұмысқа 46 азамат, тұрақты жұмысқа 140 азамат орналастырылды, – деді округ әкімі.

Бүгінгі күнгі көрсеткіштер бойынша ауылдық округ қарқынды даму үстінде. Округ аумағындағы ұлттық сусын шығаратын «Жетісу Шоро» және «Первомайские деликатесы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал сою алаңы белсенді жұмыс атқарады.

Әкімнің айтуынша, елді мекенде халыққа барлық жағдай жасалған. Мысалы, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 1 спорт кешені, 2 кіші футбол алаңы, 3 спорт зал, 2 көше жаттығу алаңдары бар. Жастарды спортпен шұғылдануға баулу мақсатында арнайы кесте бекітіліп, тегін жүйе қалыптастырылған. Қазіргі таңда округте жалпы 270 бала спорттың 7 түрімен айналысуда. Сонымен қатар, өткен жылы Әлжан ана ауылында «Жомарт түлек» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз қаражатына балалар ойын алаңын ашқан.

 

Әдемі ОРАЛБЕКОВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support