- Advertisement -

Көктемгі велошеру өтті

7

- Advertisement -

«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының аясында Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен көктемгі велошеру өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова қатысып, сөз сөйледі.

– Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласы – бәріміздің мақтанышымыз. Шаһарды таза ұстау, көріктендіру, табиғатына мән беру – әр тұрғынның борышы. Бүгінгі велошеру жарысы да осындай ізгі ниеттен туған. Велошеру жарысына сәттілік тілеймін», – деді қаласы әкімінің орынбасары. Жиында Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаев сөз алып, велошеру қатысушыларына сәттілік тілеп, құқықтық тәртіпті сақтау басты міндетіміз екендігін ерекше атап өтті.

Бұл күні қала прокуратурасының қызметкерлері, сондай-ақ, пробация есебінде тұрған азаматтар Тұңғыш Президент саябағынан бастап Төле би даңғылының соңына дейін жүріп өтті.

Велошеру аяқталғаннан кейін «Атшабар» ипподромында қатысушылар арасында қол күрес, асық ату, арқан тарту, гір тасынкөтеру сияқты ұлттық ойындар өткізіліп, төрешілердің әділ бағасымен ең мықтылары іріктеліп, жүлделі орындарды иеленді.

Ұйымдастырылған іс-шараға қала прокуратурасы мен әкімдіктен бөлек, қалалық сот, полиция басқармасы және пробация қызметінің өкілдері де қатысты. Қала тұрғындарына сергек көңіл-күй сыйлауда маңызы зор іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 

Ақнұр ЗЕТУЛЛА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support