Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар
ашық дереккөз
Судың да сұрауы бар
Таразда 300-ден аса кəсіпкерлік нысаны ауызсуды техникалық мақсатта пайдаланған. Тіршілік нəрін ысырап еткендерді облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы анықтады. Таза суды көлік жуу кешендері, қоғамдық моншалар мен бассейндер заңсыз пайдаланған. Бір жыл ішінде тұтынылған су көлемі 20 мың тоннаға жуықтайды. Əзірге барлық кəсіпкерлік нысанына ескерту берілді. Ал, заңсыз су берген «Жамбыл су» мекемесіне айыппұл салынады. Жалпы, шаһарда ауыз суды екі монша мен жеті көлік жуу орталығының пайдалануға рұқсаты бар. Кəсіпкерлерге ауыз су алуды заңдастыру жөнінде 1 маусымға дейін уақыт берілді. Егер одан кейін заңдастырмаса, онда «Əкімшілік құқықбұзушылық» кодексінің 41-бабына сəйкес, 40-260 айлық есептік көрсеткіш аралығында əкімшілік айыппұл салынады. Халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзіне» балаған. Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, жер шарының 74 пайызын су алып жатыр. Соған қарамастан, бүкіл əлемде ауыз су тапшылығы бар. Соның ішінде, əсіресе таза ауыз су мəселесі өзекті. Сондықтан ауыз суды ысырап етуден аулық болайық.  

Ұқсас жаңалықтар