Ол кешке әр салада еңбек етіп, зейнетке шыққан мектеп түлектері, Жуалы ауданынан бөлек, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы қалаларының Құрметті азаматы, «Ерен еңбегі үшін», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Шерхан Пертайұлы мен І,ІІ,ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері Есенбай Иланбайұлы және облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.
Кештің басты мақсаты–оқушыларға туған жер түлектерінің еңбек жолымен жеткен жетістіктерін насихаттай отырып, мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру болатын.
Мектептің акт залында ұйымдастырылған кешті облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев ашып, қос азаматтың еңбекте жеткен жетістіктерін оқушыларға әсерлі әңгімелеп берді. Сондай-ақ, одан кейін сөз алған ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер кәсіп одағының төрағасы Базантай Данияров, «Қазақтелеком» АҚ Түркістан облысы филиалы директорының орынбасары Қыдырбек Тойшыманов, аудандық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Сейітхан Жұмашев өз ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сахна төріне шыққан азаматтарды оқушыларға үлгі етті. Оларды білім алуға, Отаны, халқы үшін еңбек етуге үндеді.
Шерхан Пертайұлы мен Есенбай Иланбайұлы да өздерінің өткен өмір жолдарын оқушыларға қызықты оқиғалармен байланыстыра отырып әңгімелеп берді. Мәселен, Шерхан Раздықов Алматы байланыс элект ротехникумын, Алматы энергетикалық институтын бітіріп, байланыс саласында ұзақ жыл абыройлы қызмет етіп, зейнет демалысына шыққан. Еңбек жолын аудандық байланыс торабында ауылдық телефон байланысы электромеханигі болып бастап, байланыс торабының басшысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы қалалық, Алматы облыстық «Қазақтелеком» мекеме сінің басшысы қызметтерін атқарған. Ал, Есенбай Ошанов Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы институтын ветеринария факультеті бойынша тәмамдап, еңбек жолын «Бурненский» әскери совхозда мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандырушы болып бастап, осы саланың елімізде дамуына үлес қосқан азамат.
Қос азамат туралы көп сырлар, олардың азаматтық қырлары, еңбектегі табыстары әріптестері мен жерлестері тарапынан тыс қалмай, оқушыларға үлгі ретінде айтылды. Әсіресе, Шерхан Пертайұлының елге, туған жеріне жасаған істері ел есінен шықпапты. Бірақ, елі үшін жасаған игі істердің бірін де ол мен жасадым деп жүрген жерінде мақтанып, елге дабыра қылып айтқан да емес. Кеуде керіп мақтанған да емес. Қарапайым қалпынан танбай әрбір жасаған жақсылығын үндемей, әлі күнге жалғастырып келеді.
«Рақметтен үлкен сауапты іс жоқ» демекші, Бақалы ауылының тұрғындары ауылға жаңа үлгідегі медициналық пункт ғимаратын салып берген Шерхан Пертайұлының бұл азаматтық ісіне дән риза. Ол медициналық пункттің ашылу салтанатында «Біз өскен, туған жерді ұмытпауымыз, қолдан келсе сол елдің тұрғындарының жағдайын жасауға қол ұшын беруіміз керек. Бүгін ініміз екеуміздің кішкентай сыйлығымызды тек жақсылыққа пайдаланыңыздар», деп ізгі тілегін жеткізген болатын.
Тағы бір атап өтерлігі, аталған іс-шара барысында Шерхан Пертайұлы Көкбастау ауылдық округінде орналасқан АТС-тің ескіргенін ескеріп, Теріс пен Бақалы ауылдарына 128 нөмерлік автоматты электронды станцаның құжатын 2008 жылы сол кездегі аудандық «Қазақтелеком» бастығы Ж.Жұматаевқа тапсырған болатын. Сөйтіп, елімізде жаңа цифрландыру жүйесі енбей жатып Теріс пен Бақалы ауылы жаңа жүйенің игілігін аудан ғана емес, облыстан бұрын көрген еді.
Шерхан Пертайұлының игі ісі мұнымен де біткен жоқ. Ол ауыл мазаратын биік, әрі сапалы темір қоршаумен мал кірместей етіп қоршап берді. Ауыл мен аудандағы игі іс-шараларға демеушілік көрсетті. Жамбыл облысы Жуалы ауданы жүздеген жастарын жұмысқа орналастырды. Баспаналы болуына қолдау көрсетіп, еліміздің қай өңірінде болса да ізгі амалымен айтпай көмек көрсетіп келеді. Қарапайымдылығын, елге жасаған қайырымды ісі үшін де Шерхан Пертайұлын жерлестері құрмет тұтып қана қоймай, мақтан тұтады.
Оның о сы игі істеріне өз сөзінде ауыл ақсақалдары Қалдан Назар, Аташбек Әмірқұл, Зиядхан Райқұлов және Қалдан Мәмбеталиев та тоқталып өтті. Ал, мектеп мұғалімдері мен оқушылары сахналық көрініспен, әсем ән- бимен көркемдеп кештің жақсы өтуіне үлестерін қосты.
Кешті мектеп директоры Жорабек Қадірбеков қорытындылап, оқушылардың бұл кештен зор тағылым алғанын жеткізді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Су саясаты сараланған саммит
- Бүгін, 09:49
Анықталған кемшіліктер қашан қалпына келтіріледі?
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді