- Advertisement -

«Жаңа заң балаларды қорғауға бағытталған»

26

- Advertisement -

15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды. Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Қоғамда қызу талқыға түскен жаңа заңның жай-жапсары туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаевпен сұхбаттасқан едік…

– Президент әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды. Қабылданған заңға толық тоқталып өтсеңіз?

– Мемлекет басшысы отбасы институтын, балалар мен әйелдерді қорғауға бағытталған заңдарға қол қойды. Түзетулер бүкіл азаматтық қоғамның белсене қатысып, түрлі алаңдарда алдын ала кеңінен талқыланған мәселелердің нәтижесі бойынша әзірленді. Заңдар мемлекеттік отбасы саясатының құқықтық, әлеуметтік, институционалдық және өзге де негіздерін жетілдіруге, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге, заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды, отбасылық- тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылықтың алдын алуды көздейді.

Біріншіден, бұл заң отбасын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, «Неке және отбасы туралы» кодекстің 2-бабына дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғау, сақтау, нығайту және ілгерілету туралы толықтырулар енгізілді. Балаларды адамгершілік және рухани тұрғыда тәрбиелеу ұлттық және дәстүрлі құндылықтарды құрметтеу рухында жүргізілуі тиіс. Жаңа заңда басқа да түзетулер бар, бірақ дәл осы ережелер стратегиялық мемлекеттік бағдар береді деп санаймын.

Екіншіден, жаңа заң балаларымызды педофильдерден қорғайды. Бәлкім, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық- зомбылық туралы хабарламалар пайда болғаннан соң барша қауымды дүрліктірген, көптен күттірген шара шығар. Десе де, енді педофильдер өмір бойы түрмеге тоғытылады. Кішкентай балаларды өлтіргені үшін де дәл осылай жазаланады.

Сонымен қатар, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін қылмыстың жаңа құрамы енгізілді. Бұл шара өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын көптеген сайттарды, арналарды, чаттарды заң жүзінде бұғаттап қана қоймай, олардың ұйымдастырушылары мен сыбайластарын 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында ақпараттық- анықт ама лық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі «111» байланыс орталығын құру, әр ауданда Отбасын қолдау орталықтарын ашу, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру туралы нормалар да бекітілді.

– Өткен жылы тұрмыстық зорлық- зомбылық үшін жазаны қатаңдататын заңға түзетулер енгізілген болатын, жаңа қабылданған заңда қандай өзгерістер бар?

– Бұрын ұрып-соққаны үшін әкімшілік жаза, ескерту не 10 тәулікке қамауға алу қолданылатын. Енді ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік 25 тәулікке қамауға алу, 80 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 80 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

Денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін бұрын әкімшілік жаза ескерту жасауға немесе 15 тәулікке қамауға алу қолданылатын. Енді бұл қылмыстық жауапкершілікке ауысты. 50 тәулікке қамауға алу, 200 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

Сонымен қатар, жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды.

– Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені, яғни буллинг жасағаны, қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп жібергені үшін қандай жауапкершіліктер көзделіп отыр?

– Кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді. Яғни, кәмелетке толмаған баланы жәбірлегені үшін е скерту не 10 айлық е с ептік көрсеткіштен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Сонымен бірге, кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 жасқа дейінгі баланы автобустан немесе басқа да қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіргені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Баланы автобустан мәжбүрлі түрде түсіріп жіберсе, ол бала жаяу жүремін деп адасып кетуі, басқа да қауіптерге душар болуы мүмкін. Сондықтан баланың қауіпсіздігі үшін осындай шаралар енгізілді.

– Қабылданған заңдарға сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстарға жаза қатаңдатылды. Соған тоқталып өтсеңіз?

– Кәмелетке толмаған балаларға с ексуа лдық сипатт а тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды.

Педофильдің баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, кәмелетке толмаған 16 жасқа дейінгі балаларды жыныстық қудалау үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған. Кәмелетке толмағанды заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал кәмелетке толмаған баланы ұрлау 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қолданылады.

Қылмыстық Кодекстің 105-бабы өзiн өзi өлтiруге дейiн жеткiзу, өз-өзiне қол жұмсауға итермелеу немесе өз-өзiне қол жұмсауға көмектесу деп өзгеріп, бұрын кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған іс-әрекеттер – үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделсе, өзгерістен кейін бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сонымен қатар, жаңа құрам суицидті насихаттағаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, ал үгіт-насихат өз-өзiне қол жұмсауға оқталуға әкелсе 1 жыл бас бостандығынан айыру, өз-өзiне қол жұмсауға алып келсе 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

– Көптеген ата-аналарда осы заңға өзгерістер балаларды тартып алуға ықпал етеді деген күмәндар бар. Сол жөнінде не айтасыз?

– Жаңадан қабылданған заң балаларды тартып алуға ықпал етуі мүмкін деген пікір шындыққа жанаспайды. Сондықтан, аталған мәселе бойынша кез келген балама пайымдаулар негізсіз. Бұл тұрғыдан ата- аналарда ешқандай күмән болмауы тиіс. Қазақстан – тек дәстүрлі ұлттық отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын сақтау жолындағы заңдары бар мемлекет екенін естен шығармау керек.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support