«MART» сауда орталығында өткен мамыражай кеш

«MART» сауда орталығында өткен мамыражай кеш
ашық дереккөз
«MART» сауда орталығында өткен мамыражай кеш
Күні кеше Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «MART» сауда орталығында Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастырумен  «Бейбітшілік – ел тірегі» этно-мәдени кеші өтті. Ерекше форматта өткен кездесуде Тараз қалалық білім бөліміне қарасты бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен кітапхананың жас оқырмандары аймақта көп қоныстанған түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрінен сыр шертетін ұлттық өнерлерін ортаға салды. Әуелете ән шырқады, мың бұрала би биледі. Сондай-ақ тағылымы мол іс-шарада келушілерге арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кештің қызықты да, қызғылықты өтуіне атсалысқан балақайларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Ұқсас жаңалықтар