- Advertisement -

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына!

5

- Advertisement -

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он төртінші сессиясы 2024 жылдың 24 сәуір күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

1. «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы.

3. «Жамбыл облысының басқару схемасы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы №14-12 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы.

4. Жамбыл облысы әкімдігінің дербес құрамына және кейбір бекітілген комиссиялардың құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

* * *

Депутаттарды тіркеу 2024 жылдың 24 сәуір күні сағат 09.00- де басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 09.30-да өтеді.

Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он төртінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

 

Облыстық мәслихаттың төрағасы А.Нұралиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support