- Advertisement -

ГАЗ ТАЛДАУЫШ ДАТЧИКТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

31

- Advertisement -

Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «Батырлар алаңында» улы газдан уланудың алдын алуға арналған газ талдауыш датчиктері үлестірілді. Арнайы датчиктер, Қаратау қаласы мен ауылдық округтердегі 385 әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, яғни көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз басты қарт адамдар, ардагерлердің үйлеріне орналастырылады.

Айта кетейік, сақтық шарларының алдын алу мақсатында 400 дана газ талдауыш датчиктері сатып алынған болатын.

Сондай-ақ, Талас ауданы Азаматтық қорғау қызметкерлері аудан әкімдігінің және аудандық «ҚазТрансГазАймақ» шаруашылығының мамандарымен бірлесіп, жылыту маусымы кезінде улы газдан улану оқиғаларының алдын алу, өрт және қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, көктемгі су тасқынының алдын алу мен көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлауды болдырмау мақсатында кеңінен үгіт-насихат жұмыстары жүргізуде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support