- Advertisement -

Сан саланы қамтыған сұхбат

97

- Advertisement -

«Egemen Qazagstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» деген тақырыппен сұхбаты жарық көрген болатын.

Сұхбатта еліміздің бүгінгі күнгі саяси, экономикалық, әлеуметтік хал-ахуалына қатысты біршама сұрақтар қойылыпты. Сұрақтардың ішінде өте өткір қойылған сұрақтар да жеткілікті екен. Мұның өзі бүгінгі дүрбелеңге түсіп жатқан, геосаяси жағдай тұрақсыз болып отырған әлемдегі Қазақстанның орны мен ұстанған ішкі-сыртқы саясаты халықты алаңдататынынан хабар берсе керек.

Сұхбат өте ауқымды және бәрін қамтыған. Мемлекет басшысы бір жыл ішінде жинақталған қоғамның барлық өзекті сұрағына жауап берді. Біз Президенттің 2023 жылдың қалай өткені, қандай жетістіктер болғаны, не істелгені жайлы ойын білдік. Жалпы, өткен жыл Қазақстан үшін басқа елдермен жемісті ынтымақтастық жылы болды.

Мемлекет басшысы көптеген елді аралап, жақсы келісімдер жасады. Әрбір одақ Қазақстан үшін экономикалық әл-ауқатқа әкеледі, бұл бүгінгі таңда бізге өте қажет. Қазіргі уақытта әлемде экономикалық, геосаяси өзгерістер болып жатқанын ескерсек, Қазақстан барлығымен нақты позиция жасауда.

Сұхбатта Президент ішкі және сыртқы саясатқа қатысты көптеген тақырыпты қозғады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тоқталды. Мен бұл сұхбатты барлық азаматқа оқуға кеңес беремін. Әркім өзінің көптеген сұрағына жауап табады деп сенемін.

 

Жомарт ЗҰЛПЫХАР,

облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support