- Advertisement -

Таласта атқарылған жұмыс жетерлік

41

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз алаңында Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Оның айтуынша, таластықтар жылды табысты аяқтап отыр екен. Атап айтқанда, аудан бойынша 11 айда өнеркәсіп өнімдері 31 миллиард 860 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 100,3-ға орындалыпты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 13 миллиард 760 миллион теңгені құраған. Жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы да еселей түскен.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 миллиард 52 миллион теңгені құрап, жаңа нысаннан бой көтерген. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 19 миллиард 543 миллион 400 мың теңгеге өндіріліп, орындалуы 100 пайызды құраған.

Инвестициялық жобалар аясында 617 адамды жаңа жұмыспен қамтылу жоспарлануда.

Мал басы да артқан мәселен, «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру нәтижесінде өткен 10 айда мүйізді ірі қара 29317, қой-ешкі – 377874, жылқы – 14105, түйе 2432 басқа жеткен.

Егіс-дала жұмыстарына тоқталар болсақ, осы жылдың өнімі үшін барлығы 14206 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, 1453 гектар пар дайындалған.

Аудандағы егістік жердің 74 пайызы игерілген. Оның ішінде: күздік бидай 5000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 5573 гектарды құраған. Алдағы жылы да егіс алқабын ұлғайту көзделген. Мал азығы да қажетті көлемде дайындалған.

Ауданда 5 жылыжай іске қосылып, көкөніс өнімдерін өндіріп отыр.

Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша биыл 5 шаруа қожалық 290 гектар алқапқа тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясын енгізген. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 71 техника сатып алынған.

Ойық ауылдық округінде 5 бағыт бойынша 113 жоба іске асырылып, 643 миллион теңгеге 4 685 бас мал сатып алынған. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» жобасы Бостандық, Берікқара, Аққұм, Ақкөл және С.Шәкіров ауылдық округтерінде іске асырылуда. Жоба аясында 7100 бас мал сатып алу жоспарлануда.

Қаратау қаласындағы 3-шағынаудандағы №5 жатақхана мен №6 жатақхана ғимараттары қайта жаңғыртудан өткізілуде.

«Дипломмен ауылға» жобасы аясында да нақты жұмыстар жүргізілген.

«Асар» жобасы аясында биыл 9 үй салу жоспарланып, қазіргі таңда 7 тұрғын үй мұқтаж отбасыларға табысталыпты.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 34 жоба жүзеге асқан. Ауданда білім, мәдениет, спорт салаларында да ілгерілеген жұмыстар жеткілікті.

Аудан әкімінің алдағы жылдарға жасап отырған жоспары да ауқымды. Сол жобалар аясында таластықтардың еңсесі көтеріле бермек.

Жиын соңында Нұрбол Жүнісбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support