- Advertisement -

42 елді мекен ауыз сумен қамтылған

28

- Advertisement -

Жуалы ауданындағы алты елді мекенге жаңадан ауыз су жүйесі кіргізілген. Қазіргі уақытта 49 елді мекеннің 42-сі ауыз сумен толық қамтылып отыр. Ал, қалған ауыз сумен қамтылмаған жеті елді мекеннің екеуі, нақтырақ айтқанда Түктібай және Ақтөбе ауылдары бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, республикалық бюджетке облыс әкімдігінің энергетика басқармасы арқылы өтінім берілген. Сонымен қатар, халық саны аз Көктас, Қарасу, Амансай, Күркіреусу, Қазбастау елді мекендеріне ағымды жөндеу, яғни кешенді блок модульдерін орнату жұмыстары арқылы ауыз сумен толық қамтылады деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза мәлімдеді.

Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, өңір бойынша 49 елді мекеннің 45-і табиғи газбен қамтылған. Ал, табиғи газбен қамтылмаған Билікөл ауылдық округіндегі төрт елді мекенге бөлінген тиісті қаржыға газ тарту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық жобасы әзірленген.

Айта кету керек, жайылым мәселесі бойынша осы жылы облыстық жер қатынастары басқармасы 10 мың гектар жер телімін қайтару жоспарын бекітіп, аудан шаруаларының жайылым жерлерін ұлғайту мақсатында 13 жер телімі мемлекеттік жер қорына қайтарылған.

– «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2019 жылы Ақтөбе, 2021 жылы Ақсай және осы жылы Жетітөбе, Қызыларық, Қарасаз, Мыңбұлақ ауылдық округтерінің тұрғындары жобаға қатысып, құжаттарын рәсімдеуде. Сонымен қатар, Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталып, құрылыс жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Одан бөлек, Көлбастау ауылындағы 149 орындық мәдениет үйлерінің құрылысын салу жұмыстары бойынша, келісімшартқа сәйкес «Dauren build» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын биыл 29 тамызда бастап, келер жылдың 29 сәуірінде аяқтайды деп күтілуде, – деді Жалғас Әлижанұлы.

Аудан басшысының айтуынша, биыл аудан орталығы саналатын Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық мәдениет үйіне қосымша жапсарлас құрылыс салу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Бауыржан Момышұлы ауылында көппәтерлі тұрғын үй құрылысын салу жұмыстары бойынша 18 пәтерлі екі қабатты тұрғын үй құрылысын 16 мамырда бастап, 16 желтоқсанда аяқтау жоспарға қойылған.

Жиын соңында аудан әкімі Жалғас Мұртаза бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің және әлеуметтік желіге келіп түскен сұрақтарға жауап берді.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support