- Advertisement -

Құрметті азамат атанғандар қатары көбейді

109

- Advertisement -

Кеше Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, сегізінші сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен облыстық және аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, тиісті басқарма, мекеме басшылары, Тараз қаласы мен аудан әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Оның біріншісі – облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 13 желтоқсандағы «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №12-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болса, екіншісі – облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі. Сессияда қаралған үшінші мәселе бойынша бірқатар азаматтарға «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Сессия соңында аталған мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Айта кетейік, Жамбыл облысының Құрметті азаматы атанғандар қатарында ақын Маралтай Райымбекұлы, мемлекет қайраткері Жақсыбек Әбдірахметұлы Құлекеев, ғалым Әзімхан Әбілқайырұлы Сатыбалдин бар.

 

Назерке СӘНДІБЕК

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support