- Advertisement -

ЛУГОВОЙДА ЖАЙЫЛЫМ 741 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЙТЫЛДЫ

65

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданындағы Луговой өндірісті әрі өзіндік ерекшелігі бар ауылдың бірі. Онда 10 462 тұрғын қоныстанған, 15 ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Ауылда 2378 отбасы бар. Халық саны жыл санап өсуде. Жер көлемі 1768 гектар, оның 741 гектарын жайылымдық құрайды. Ауылдың бас жоспарында елді мекен шекарасын кеңейтуге байланысты 922 гектардан 1227 гектарға кеңейтіліп, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдері әзірленуде. Ауыл маңындағы игерілмей жатқан 200 гектар жайылым жер телімі ауылдық округ иелігіне қайтарылып, жайылым 741 гектарға ұлғайтылған. Ауылда 27 мекеме орналасқан. Ауылдың ахуалы жайында Өңірлік коммуникациялар қызметінде округ әкімі Мұратбек Сванов мәлімдеді.

Бүгінгі күнге Луговой ауылдық округінде 144 шағын орта бизнес, бір ірі кәсіпорын тіркелген, 126 жеке кәсіпкерлік пен 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 38-і азық-түлік дүкендері.

– Дүкендердегі негізгі азық-түлік бағаларына мониторинг тұрақты түрде аптасына 2 рет жүргізіліп тұрады. 4 дәріхана, 3 тамақтану орны, теміржол жолаушыларына қызмет көрсететін 16 дүңгіршек, 14 көлікке қызмет көрсету орны, 2 шағын цех, 12 аралас дүкен, 5 сұлулық салоны, 1 жанармай, 2 газ құю бекеті, 5 монша, 1 қонақ үй және 23 басқа да қызмет көрсету орындары өз жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде 139 адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылы Луговой ауылы бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында 1 адам 5 миллион теңге көлемінде несие, 22 адам 26 954 400 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Биылға Луговой ауылы бойынша ұлттық жоба аясында 3 адам 4 140 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Ауыл шаруашылығындағы жұмыстарға тоқталар болсам, 9 айда ауылымыздағы мал басы 23115 мыңға жетіп отыр. Оның ішінде 2278 бас мүйізді ірі қара, 1470 бас жылқы, 19367 бас қой мен ешкі болса, 9265- і үй құстары. Мал өнімдерінен 360 тонна сүт, 3700 дана жұмыртқа, 380 тонна ет алынды.

Жоспарланған инвестициялық жобаларға келер болсақ, Луговой ауылы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 540 500 мың теңгені құрайтын 7 шағын инвестициялық жобалар айқындалып, оның ішінде 155 500 мың теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. Оларды жеке атап өтсем, техникалық жөндеу орталығы «Автобөлшектер» дүкені (жоба құны 10,5 миллион теңге), «Азалия» азық- түлік дүкені (жоба құны 15 миллион теңге), көппәтерлі жалдамалы үйлер (жоба құны 110 миллион теңге), «Айша» азық-түлік дүкені (жоба құны 20 миллион теңге), нәтижесінде 7 адам жұмыспен қамтылды, – дейді Мұратбек Айтымбетұлы.

Луговой ауылдық округінің биылғы бюджеті 181 042 мың теңгені құрап, 9 айдың қорытындысы бойынша 130 379 мың теңгесі игерілген. «Өңірлерді дамытудың» бағдарламасы аясында 9479 мың теңге қаржы бөлініп, 4 500 мың теңгеге Т.Рысқұлов мектебінен Қ.Әбіқұлов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолын салу бойынша жұмыстар жүргізілген. Үнемделген 4979 мың теңге қаржының 2 200 мың теңгесіне Желтоқсан көшесінен Ж.Жүсіпов көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолы салынған. 980 мың теңгеге Еңбекші көшесінің электр желілері ауыстырылып, 477 мың теңгеге Әбіқұл болыс көшесінің бұрылысы жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудандық бюджет есебінен А.Пушкин мен Әлім Райқұл көшелеріне жарық шам орнатылып, Кеңдала көшесіне электр жүйесі жүргізіліпті. Орталық саябақтағы кіші футбол алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген және ауылды көгалдандыру бойынша 198 дана ағаш көшеттері және 250 дана роза гүл отырғызылып, саябаққа жаңа үлгідегі Street workout алаңын орнату және аббаттандыру (арка орнату) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, 11 көшеге 690 дана QR кодымен аншлагтар орнатылған.

– Конституция күні қарсаңында аудан әкімі Жамбыл көшесіндегі қайта жаңғыртудан өткен қызметтік пәтерлердің (20 пәтер) кілтін бюджеттік мекеме қызметкерлеріне табыстады. Ғимаратқа 2022 жылы 42 337,36 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, алаңы абаттандырылды. Ғимарат 3 бөліктен, 20 пәтерден тұрады, аумағы 5000 шаршы метрді құрайды.

Биылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сұранысқа ие мамандардың тізбесі қалыптастырылып, 2 маман бекітілді. Оның біреуі білім, екіншісі мәдениет саласына келген мамандар. Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредитке бір маманға 5 миллион 175 мың теңге қарастырылып, бүгінгі күнге көтерме жәрдемақы 100 АЕК 1 маманға (345 000 теңге) төленіп берілді.

Ауылдағы инфрақұрылымдарға келсек, бүгінде 46 көше орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Екі су имараты жұмыс істейді. Ауылішілік 46 көшенің барлығы жүз пайыз асфальттанған, – дейді ауыл әкімі Мұратбек Айтымбетұлы.

Жоспарланған инвестициялық жобаларға келер болсақ, Луговой ауылы бойынша 2022-2025 жылдар аралығында іске асырылатын инвестициялық жобалардың жалпы құны 540 500 мың теңгені құрайтын 7 шағын инвестициялық жобалар айқындалып, оның ішінде 155 500 мың теңге құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды.

Бұл ауылда 869 адам зейнеткер, 314 көпбалалы ана, 52 «Алтын алқа», 92 «Күміс алқа» иегерлері тұрады. Биыл жұмыссыздықпен күрес бойынша 136 адам тұрақты жұмыспен, 24 жас маман жастар тәжірибесімен, 71 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған. Табысы кедейшілік шегіне жетпейтін 56 отбасының 304 адамына 17,1 миллион теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленіпті.

Луговойлық балалар округтегі 1 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 1 мектеп-лицейі мен 2 балабақшада тәрбие мен білім алуда. Осы үш мектепте 2131 оқушы білім алса, 299 мұғалім еңбек етеді. Ал, екі балабақшада 430 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Луговой ауылында 1 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, 2 спорт мектебінің филиалдары орналасқан. Спорт мекемелерінде 6 жаттықтырушы жұмыс істейді. Ал, мектептерінде 6 спорт түрінен үйірмелер бар, онда 315 жасөспірім спортпен тұрақты шұғылданады.

– Биыл жеке тұлғалардан 31 өтініш қабылданып, өтініште баяндалған мәселелер қолданыстағы заң нормаларына сәйкес өз шешімін тапты. Ауылдық округ әкімі аппаратында негізінен 3 қызмет түрі көрсетіледі. Олар – жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (электронды түрде), жер учаскесін алу үшін кезекке қою (электронды түрде), сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (электронды түрде). Мекеме ғимаратында ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін негізгі қызмет түрлері, қағидалары мен өтініш үлгілері жазылған ақпараттық стенд ілінген. Сонымен қатар, халыққа электронды қызметтерді өздігінен алу мақсатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Жыл басынан жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге 7 өтініш, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға 3 өтініш қабылданып, қанағаттандырылған. Ал, жер кезегі бойынша қазіргі уақытта Луговой ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін бос жер телімін алуға жер кезегіне 2019-2023 жылдары аралығында 1335 азамат тіркелген. Луговой ауылдық округінің аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін алаңдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Аталған алқаптарға тас жол құрылысы электр желісі жүргізілді, газ және су желісінің жобалық-сметалық құжаты дайындалуда. Инфрақұрылымы толық дайын болғанда жер телімдері беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықпен кездесулер былтырғы жылдан бастап жаңа форматта өтуде. Бүгінгі күнге барлығы 9 кездесу өткізілді. Осы кездесулерде халықты толғандырып жүрген бірқатар мәселелерге кездесу барысында жауаптары берілді. Жыл басынан ауыл әкімінің жеке қабылдауына 16 азамат жазылып, оның оны қанағаттандырылып, алтауына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кері байланыс – қоғам мен билік арасындағы диалогтың, өзара іс- қимыл мен ынтымақтастықтың негізі. Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының инстаграм және фейсбук әлеуметтік желілерінде ресми және ауыл әкімінің жеке парақшасы тұрақты жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстар мен маңызды хабарламалар жарияланып тұрады. Әлеуметтік желі арқылы тұрғындар көңілінде жүрген сұрақтарға, қоғамда болып жатқан өзгерістерге өз ұсыныстарын жазып, толық жауап ала алады.

Маған кез келген өзекті мәселе ешбір сүзгіден өтпей, қаз-қалпында ұсынылады. Әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарындағы жазбалардың әрқайсысы бойынша жеке танысып отырамын. Ешбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмайды. Кез келген өзекті мәселеге қатысты шешім қабылдайтын кезде алдымен қоғамдық пікірмен, халықпен санасу керек деп білемін. Шешім қабылдарда олардың ой- ұсыныстарын, пікірлерін ескеруді ұстанамын, – деген ауыл әкімі әрдайым тұрғындарға ашық екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА.

Т.Рысқұлов ауданы.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support