- Advertisement -

Кезекті офицерлік шенін алды

33

- Advertisement -

Қай кезеңде де тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаныс әлеуетін нығайтуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Сондықтан да, егемен еліміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау – әрбір азаматтың парызы. Ал, кез келген ержігіт үшін құқық қорғау органдарында қызмет ету – абыройлы миссия әрі зор жауапкершілік.

Қазіргі таңда Қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет ететін жастардың қатары толығып келеді. Мәселен, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 мекемесінде жұмыс істейтін Азамат Сәкенұлы сол жастардың бірі. Жігерлі жас өткен жылдың тамыз айынан бері осы салада еңбек етуде. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған оның бүгінгі қызметі сотталғандарды еңбекпен қамтамасыз ету тобының инспекторы. Бүгін Азамат Сәкенұлына «әділет аға лейтенанты» офицерлік шені тапсырылды.

Жиында мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Бағдат Байтуреев кезекті шенін алған офицердің жұмысына сәттілік тілеп, барша әріптестерін абыройлы қызмет етуге шақырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support