- Advertisement -

Мүмкіндігі мол меморандум

70

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цой облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Екі тарап та меморандумның алдағы уақытта өңірдегі медицина саласының дамуына айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдірді. Іс- шара аясында медициналық орталықтың мамандары өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе отырып, аймақ медицинасының дамуына зор үлес қосқаны да айтылды.

Келісім қала тұрғындарына дәрігерлердің тегін консультацияларын, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту бойынша қызметтерді алуға, ал қажет болған жағдайда ауыр науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ортақ келісімнің нәтижесінде өңірдің медициналық мекеме қызметкерлеріне инновациялық технологияларды оқыту, аурулардың алдын алу, диагностикалау, жаңа медициналық технологиялар мен инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгені баяндалды.

«Медициналық орталық қызметінің аясында білім беру, ғылыми зерттеулер, санитариялық-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында инновациялық әдістерді іздеу және енгізу саласында түрлі жобалар іске асырылуда. Осы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде облыс әкімдігімен бірлесіп, жол картасы әзірленетін болады. Оның негізінде біз бірнеше жыл бойы өңірде денсаулық сақтауды дамыту бойынша белгіленген жоспарларды іске асыратын боламыз», – деп Алексей Цой жоспарымен бөлісті.

 

 Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support