- Advertisement -

Жамбылдық зертхана халықаралық сертификатқа ие болды

88

- Advertisement -

Туберкулез – қауіпті жұқпалы ауру. Бұл дертке шалдыққандардың көбінесе тыныс алу мүшелері зақымданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын бұл дертпен 10 миллионға жуық адам тіркеледі. Ересектер арасында туберкулездің жоғары таралуы балалар мен жасөспірімдерде инфекцияның дамуына және өсуіне ықпал етеді. Бұл дерт ұзақ емделуді талап етеді.

Ал, кейбіреулер байқамай асқындырып алуы мүмкін. Кейде науқас туберкулез екенін білген сәтте, өзгелерден жасырып, өз бетінше, үйде емделуге ұмтылады. Туберкулез ауруын жұқтырғанын намыс көріп, оқшауланып, ешкімге тіс жармай, өз бетінше ем-домға жүгінетіндер көбіне жастар қауымы. Ал, негізі қай ауру болмасын, арнайы мамандарға, дәрігерге қаралған жөн. Адамдардың туберкулезден қорқатын себебі, ол туралы түрлі қауесет тарап кеткен. Ал, бүгінде тиянақты дәрі ішіп тұру арқылы бұл дерттен құлан-таза айығады.

Туберкулез – тек медициналық проблема ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік мәселе.

Облыстық фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасы, дәріге сезімталдылықты тексеру үшін сапа бойынша сыртқы бағалаудың халықаралық раундына қатысты. Оның ішінде жаңа және қайта бейімделген препараттар да бар. Биыл екінші жыл қатарынан Жамбылдың бактериологиялық зертханасы еліміздегі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының, ҚР Ұлттық референс зертханасының және Орталық Азияда туберкулезді жою жөніндегі USAID жобасының қолдауымен өз мүмкіндіктерін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жалпыұлттық зертханасында кәсіби түрде сынақтан өткізіп жатыр. Мұндай тәжірибе туберкулездің дәл диагностикасын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Осы уақытқа дейін мұндай іс-шараға ҚР ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының Ұлттық референс- зертханасы ғана қатысып келген еді. Енді мұндай маңызды шараға қатысу жамбылдық медицина саласының өрлеуіне өз әсерін тигізері сөзсіз.

Бұл сала бойынша тренингтер өткізіліп, стандартты жұмыс тәртібін және нұсқаулықтар әзірленіп, көптеген онлайн консультациялар ұйымдастырылды. Осы аталған жұмыстарға облыс дәрігерлері де атсалысты. Жамбылдың бактериологиялық зертханасы туберкулезді, оның ішінде дәріге төзімді формаларын уақтылы және нақты диагностикалау жағынан жоғары кәсіби білігін дәлелдеді және кәсіби емтиханнан өткендерін растайтын халықаралық сертификатқа ие болды.

 

Толқын ӨМІРБАЕВА,

облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support