- Advertisement -

25 сәуір — Қазақстан футболы күні

13

- Advertisement -

Қазақстан футбол федерациясы ресми парақшасында жанкүйерлерін ұлттық футбол күнімен құттықтап, қолдау танытқан азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

«Осы жылдар ішінде отандық футбол Еуропа турнирлерінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп, өз позициясын нығайтып келеді. Біздің футболды жаңа биіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз және оны сіздермен бірге ғана бағындырамыз.

Барша футбол қауымын осы ерекше мерекемен құттықтаймыз! Футболды дамытуға демеу болып жүрген жандар мен жанкүйерлерге, футболшылар мен бапкерлерге, мамандар мен ардагерлерге, демеушілер мен серіктестерге, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне алғыс айтамыз!

Еліміздің ұлттық құрамасы мен отандық футбол клубтарына спорттық жеңістер, жанүкүйерлер қауымына жарқын әсерлер және ұмытылмас эмоциялар тілейміз!», — делінген жылы лебізді хабарламада.

2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-шы конгресінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) ресми түрде қабылданды. Дәл осы күні отандық футболдың тарихында жаңа белестер басталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support