- Advertisement -

Атырауға 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді

10

- Advertisement -

Қарғын судан зардап шеккен өңірлерге облысымыздан 100-ден аса ауыр техника жөнелтілді. Теміржол платформасы арқылы жолға шыққан көліктер Атырау облысына екі күнде жетеді. Жүк артуға, тасымалға, жер қазуға, су айдауға тиісті техникаларға басқарушылар да бекітілген.

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің айтуынша, жоспарға сәйкес Атыраудағы су басқан елді мекендерді құтқаруға Жамбыл аймағы бекітілген.

– Облысымызда қандай техниканың түрі бар, барлығы жұмылдырылып жатыр. Бізден баратын құтқарушыларға жатын орын, тамақ, киім қарастырылған. Олардың іссапар шығындары демеушілер арқылы өтеледі. Сонымен қатар, айлық жалақылары да сақталады, – дейді Қанатбек Қайшыбекұлы.

Жүзге жуық құтқарушылар мен бұдан да көп техникаға жауапты мекеме басшылары да өз ісіне сақадай-сай тұр.

Облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ерболат Сейітбековтің сөзінше, апатты аймақтарға көмектесу шаралары алдағы уақытта барынша күшейтілмек.

 

Нұржан ӘЛІШ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support