- Advertisement -

Таразда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

21

- Advertisement -

Тараз қаласының аумағында 1 445 көше жолдары бар, оның ішінде асфальт жолдары бар көшелердің саны – 838, шағал тас жолдары бар көшелердің саны – 607. Ал жолдардың жалпы ұзындығы 1 888,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт жол – 1 171,1 шақырым (62%), шағал жол – 717,4 шақырым.

2023 жылдың орташа жөндеу жоспарына сәйкес, ұзындығы 82,5 шақырымды құрайтын 42 жобаға қалалық бюджеттен 3,36 млрд теңге бөлініп, конкурс өткізілуде.

Қазіргі таңда техникалық қадағалаушылар анықталған 3-Завод, Пірімқұлов, Жамбыл-Төле би даңғылына оңға бұрылатын жолақ, «Әуежай» алқабындағы көшелер, «Alina Group» ЖШС-не баратын жол, 15 м/а-на кіреберіс жол, Шу және Нұрпейісов, Бурный, «Орман» алқабы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Саңырақ батыр, Шостакович көшелерін қайта жаңғырту жобаларының жалпы құны 1,140 млрд теңге, ұзындығы 5,6 шақырым бойынша конкурс өтуде. Мердігер «Нұрлы Жол-7» ЖШС-мен қала көшелерінде 29 904 шаршы метрді ағымды жөндеу жұмыстары 4 бригадамен жүргізілуде. Қала көшелерін апаттық қалпына келтіру жұмыстарына да мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. 2023 жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.

Ағымдағы жылы Абай даңғылындағы 2 көпірге ЖСҚ әзірлеуге конкурс өтуде.

 «Тараз қаласынан Алматыға қарай шығатын Талас өзені арқылы өтетін 2 көпірді қайта жаңғырту» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге қажетті жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support