- Advertisement -

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

370

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы «28» наурыздағы №47 қаулысына қосымша Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы «4» қазандағы №228 қаулысымен бекітілді

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2023-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БОЛЖАМЫ

(2-кезең)

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 27 тамызда өткен отырысындамақұлданған (№31 хаттама) Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына өзгеріс (2023 жылғы 28 ақпандағы №8 хаттама) Тараз қаласы, 2023 жыл

 1. Жамбыл облысының 2021-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері……………………………………………………………….. 4-12
2. Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары……………….. 12-14
3. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары………………… 15-23
4. Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы…………………………………………………… 23-24
5. 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері 24-28
6. Бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың (аудан, облыстық маңызы бар қалалар бөлінісіндегі) негізгі көрсеткіштерінің және жоспарлы кезеңге арналған (аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер бөлінісінде) бюджет параметрлерінің (қосымша түрінде) болжамы
7. Жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесі (қосымша түрінде).

 

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

  1. Жамбыл облысының 2021-2022 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары.

2021 жылы аймақтың экономикалық дамуы пандемия салдарынан қалпына келтіру шараларының әсерінен дамыды.

Экономиканы, оның ішінде шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға, инфрақұрылымды дамытуға, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ пилоттық жобалар шеңберінде халық табысының төмендеуіне жол бермеуге бағытталған шаралар жүргізілді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

2021 жылғы өңірлік өнім 2262,8 млрд. теңгені құрады, НКИ -106,6%.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында 19,0% – өнеркәсіпке, 10,1% – ауыл шаруашылығына, 19,7% – көлік пен байланысқа, 8,3% – құрылысқа, 9,4% – саудаға, 33,5% – өзге салаларға тиесілі.

2021 жылы салалардағы өсім еңбек өнімділігінің 8,3%-ға өсуімен қатар жүреді. Өсім ауыл шаруашылығындағы (5,2%-ға), өнеркәсіптегі (6,5%-ға), құрылыстағы (16,8%-ға), байланыстағы (24,4%-ға) еңбек өнімділігі көлемінің ұлғаюымен байланысты.

Қабылданып жатқан шараларды ескере отырып, 2021 жыл қорытындысымен өңір өнеркәсібінің оң динамикасын көрсетті, онда нақты көлем индексі 2020 жылға қарағанда 106,0%-ды құрап, 639,1 миллиард теңгеге өнім өндірілді.

Облыста өңдеу саласы дамыған, оның жалпы көлемдегі үлесі 71,0%-ды құрайды, онда 2,6%-ға (453,4 миллиард теңге) өсу байқалды. Өсуге тамақ өнімдері өндірісінің (1,2 есе), жеңіл өнеркәсіптің (8,9%-ға), машина жасаудың (1,2 есе), қағаздың (1,6 есе) ұлғаюы әсер етті.

COVID-19 пандемия кезеңінде фармацевтика саласы белсенді дамып келеді, ол есепті кезеңде 5,2 есе өсімді көрсетіп отыр. Отандық иммундық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытта «QazVac» вакцинасының 3,2 миллион дозасы әзірленді.

Құрамында алтын бар кендерді (5,4%-ға), фосфатты майда тартылған шикізатты (7,1%-ға), әктас пен гипсті (1,1 есе), сазды (2,5 есе) өндіру есебінен тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу көлемі 0,6%-ға (63,1 миллиард теңге) өсті.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтаудағы жұмыстар мен қызметтердің көлемі 30,1%-ға (117,3 миллиард теңге) ұлғайды.

Өнеркәсіптегі өсудің ынталандырушы факторларының бірі негізгі капиталға 188,2 миллиард теңге (НКИ-154,2%) инвестициялау болып табылады, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпке – 72,7 миллиард теңге (НКИ-180,4%). Сондай-ақ, Индустриялық-инновациялық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, онда 2021 жылы 651 жаңа жұмыс орнымен 18,4 миллиард теңгеге 12 өндіріс іске қосылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде екінші деңгейдегі банктер мен агро-кредиттік корпорация арқылы 69,6 миллиард теңге сомасына 184 жоба мақұлданды, оның ішінде 59,2 миллиард теңгеге 181 жоба несиелендірді.

Жамбыл облысы «жасыл» экономиканы дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Жалпы, белгіленген қуаты 387,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 17 объектісі бар, оның ішінде Орта Азиядағы ең ірі күн электр станциясы «BurnoyeSolar» ЖШС болып табылады.

Есепті кезеңде әлемдік экономикалық дағдарыс және пандемия жағдайында ауыл шаруашылығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыруға ерекше назар аударылды.

2021 жылы Агроөнеркәсіптік кешеннің 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығына 19,4 миллиард теңге субсидия, негізгі капиталға 29,9 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

Тиімді шаралар негізінде 2021 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2020 жылғы деңгейге қарағанда 1,4%-ға өсіп, 478,1 миллиард теңгені құрады, оның ішінде мал шаруашылығы – 4,8%-ға (175,4 миллиард теңге), ал өсімдік шаруашылығы 1,0%-ға (302,3 миллиард теңге) төмендеді. 2021 жылғы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі 5,2%-ды (бір жұмыспен қамтылғанға 1678,8 мың теңге) құрады.

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жалпы түсімі (өңдеуден кейінгі салмақта) 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 34,9%-ға (548,6 мың тонна) төмендеді, орташа өнімділік гектарына 14,5 центнерді құрады. Бұл ретте майлы дақылдардың жалпы түсімі 0,1%-ға артып, 46,8 мың тоннаны, көкөністер – 7,3%-ды (2014,1 мың тонна), бақша дақылдары 1%-ды (405,3 мың тонна), картоп – 4%-ды (267,7 мың тонна) құрады. Қант қызылшасын өндіру 160,3 мың тоннаға жетіп, 20%-ға өсті.

Ресурс үнемдеу технологияларының ауданы 29,8 мың гектарға, су үнемдеу технологияларының ауданы 40 мың гектарға дейін жеткізілді. 43,0 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, аумағы 179,8 мың гектарды құрады.

Озық технологияларды енгізу есебінен қарқынды бақтардың ауданы 1145 гектарға жетті.

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 113,8 мың гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды (7,5 мың гектар – егістік, 106,3 мың гектар – жайылым).

Ет (тірі салмақта) өндірісінде 2020 жылға қарай 6,6%-ға, сүт – 2,3%-ға, жұмыртқа – 8,7%-ға, жүн – 1,7%-ға, ірі қара мал санында – 10,1%-ға, қой – 7,1%-ға, жылқы – 10,2%-ға, түйе – 3,5%-ға өсім байқалады. Құстардың саны 3,9%-ға азайды. 4919,4 тонна ет, оның ішінде 4007,2 тонна сиыр еті, 590,6 тонна қой еті, 321,0 тонна құс еті және 0,6 тонна жылқы еті экспортталды.

2019 жылы басталған «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» пилоттық жобасының 5 бағытын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2,5%-бен 7,2 миллиард теңге, жергілікті – 2,0 миллиард теңге (5%-бен) бөлінді. 10 ауданының 11 ауылдық округінен 2478 тұрғын және 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативтері несие алды. 2021 жылы револьверлік механизм бойынша қайтарымды қаражат есебінен 3 ауылдық округте 2,7 миллиард теңге сомасына 300 жоба іске асырылды, 32 бірлік техника берілді.

Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» құралы бойынша 33,8 миллиард теңгеге 1329 жобаға, «Банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 8,4 миллиард теңгеге 1154 жобаға, «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша 231,7 миллион теңгеге 5 жобаға, «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша 692,9 миллион теңгеге 272 жобаға қолдау көрсетілді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны құрылды.

2022 жылғы 1 қаңтарға жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 71,3 мың бірлікке немесе 2020 жылға қарағанда 102,8%-ға жетті.

2021 жылы бизнес субъектілері өндірген өнім мен қызмет көлемі 3,7%-ға артып, 834,1 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 25,9%-ды құрады.

Бөлшек сауда айналымы 2020 жылғы деңгейге қарағанда 3,6%-ға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу көлемінің 1,1 есе өсуі есебінен ұлғайды. Төтенше жағдай режимі, коронакризис жаңа қызмет түрлерінің – азық-түлік пен тауарларды жеткізу, интернет-сату дамуына әсер етті. Электрондық сауданы дамыту мақсатында 42,9 мың кәсіпкерлік субъектілері онлайн кассалық аппараттармен жабдықталған. Онлайн-қызмет көрсетуге 91 кафе, 72 асхана, 39 азық-түлік дүкені мен супермаркет, 93 азық-түлік емес дүкен көшті. Нәтижесінде интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 3,0 миллиард теңгені, көтерме сауда – 2,6 миллиард теңгені құрады.

Жүк айналымының көлемі 0,4%-ға, жолаушылар айналымы 2,7%-ға өсті. 143,3 миллион тонна жүк, 451,6 миллион жолаушы тасымалданды. Байланыс қызметтерінде өсім 13,3%-ды құрады, бұл ұялы байланыс Интернет желісі қызметтерін пайдаланушылардың өсуі есебінен (1,2 есе).

Әлемдік сұраныстың төмендеуі тауарлардың экспорты мен импортына теріс әсер етті. Сыртқы сауда айналымында, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер Комитетінің мәліметтері бойынша, 47,0%-ға немесе 262,5 миллион АҚШ долларына өсім тіркелген, оның ішінде 65,7 миллион АҚШ доллары (11,4%-ға) сомасына тауарлар экспортталған, 196,8 миллион АҚШ долларына (64,5%-ға) импортталған. Сальдо 131,1 миллион АҚШ долларын құрап, теріс қалыптасты.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 28,3%-ға өсті, оның ішінде экспорт – 19,4%-ға, импорт – 33,0%-ға, Ресеймен тауар айналымының өсуі есебінен 1,4 есе ұлғайды. Тауарлар экспортының көлемі Арменияға –75,0%-ға, Белорусияға – 77,2%-ға, Қырғызстанға –17,7%-ға қысқарды.

Инвестиция көлемі 2021 жыл қорытындысымен 398,6 миллиард теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 110,2%-ды құрады. Өсім Жамбыл ауданында құрылысы жоспарланып жатқан жаңа тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге, газбен қамтуға, елді мекенішілік қиыршық тас жолдарды салуға, Аса ауылында Абай көшесінің бойында көппәтерлі тұрғын үй салуға, республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» және «Құрту-Бурылбайтал» автожолын қалпына келтіруге инвестициялар тарту есебінен қамтамасыз етілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 195,4 млрд. теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 129,4% құрады. Өсім Тараз қаласында 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансердің, 15 шағын мөлтек ауданында көппәтерлі тұрғын үйлердің, Тараз қаласындағы 600 орындық мектеп құрылыстарының, Мойынқұм ауданында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолын реконструкциялау, Талас ауданында Қаратау қаласы үшін Көктал су құбырының құрылысы есебінен қамтамасыз етілді.

2021 жылы тұрғын үй құрылысына бюджеттен 21,8 миллиард теңге бөлінді, жалпы ауданы 313,8 мың м2 құрайтын 4481 пәтерлі 76 көпқабатты үй салынды («Нұрлы жер» аясында – 20,3 миллиард теңгеге 74 үй, «Жұмыспен қамту» аясында – 1,5 миллиард теңгеге 2 үй).

Жыл қорытындысымен 41 көпқабатты үй пайдалануға беріліп 2241 отбасы баспанамен қамтылды (о.і. 960 пәтерлі 13 кредиттік және 1281 пәтерлі 28 арендалық үй).

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен бөлінген 921,3 млн. теңгеге 94 пәтер сатып алынды.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 683,3 мың ш.м құрап, немесе 2020 жылдың тиісті деңгейіне 110,6%.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 2021 жылы 3,3 миллиард теңге сомасына 73 үй жөнделді, оның ішінде 57 үй республикалық бюджеттен (2,7 миллиард теңге), 8 – жергілікті (0,4 миллиард теңге), 8 – қайтарымды қаражат есебінен (0,3 миллиард теңге) қаржыландырылды. Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 54,4%-дан 49,6%-ға дейін төмендеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен 267 ауылдық елді мекен немесе АЕМ жалпы санының 72,7% қамтамасыз етілді. Қалаларда орталықтандырылған ауыз суға қолжетімділік 419 мың адамды (91,0%), ауылдық елді мекендерде – 612,2 мың адамды (88,8%) құрады.

Орталықтандырылған газбен 237 елді мекен (63,9%) немесе 968 мың адам (84,2%) қамтамасыз етілді, оның ішінде облыс қалаларында 435,3 мың адам (95,33%), ауылдық елді мекендерде – 69,2%.

Автожол саласын дамытуға 2021 жылы облыстық және аудандық маңызы бар 214,2 км автомобиль жолдарын күтіп ұстауға және жөндеуге 6,1 миллиард теңге игерілді, олардың есебінен 3,6 км жол салынып, 214,2 км жол орташа жөндеуден өтті. Оның ішінде 177,9 км – облыстық маңызы бар автожолдар (3,6 км — құрылыс; 174,3 км — орташа жөндеу), 36,3 км аудандық маңызы бар автожолдар. Нәтижесінде, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 95%-ға дейін жеткізілді.

Тараз қаласының қоғамдық көліктерінде «Tulparcard» электронды билеттеу енгізілді, онда 232 стационарлық және 342 мобильді терминал орнатылды. Электрондық билеттеу жүйесі шеңберінде билеттер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер үлесінің транзакциясы 98%-ды құрап, 53 жаңа жұмыс орны ашылды.

2021 жылғы желтоқсандағы инфляция деңгейі 8,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 9,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 8,0%-ға, ақылы қызметтер – 6,3%-ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,3 пайыздық тармаққа төмен (ҚР — 8,4%).

Әлеуметтік сала. Басты басымдықтардың бірі жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың табысын арттыру болып табылады.

2021 жылы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 58078 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 30195 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 1516, жастар практикасымен – 2107, ақылы қоғамдық жұмыстарымен– 11085 адам қамтылды, қысқа мерзімді оқытудан өткені – 1322, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғаны – 4627 адам. Жалпы, жұмыспен қамту органдарына жүгінген 54338 адамның 37680-і жұмысқа орналастырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыс бойынша 38752 жаңа жұмыс орындары құрылды (оның ішінде тұрақтысы – 18998, уақытша – 19754), оның ішінде Жұмыспен қамту жол картасы аясында – 725 жұмыс орны, онда 9,5 млрд.теңге сомасына 29 жоба іске асырылды.

Алайда, қалыптасқан жағдайға байланысты, өндірістік белсенділік еңбек нарығының кейбір көрсеткіштеріне теріс әсер етті. Жұмыс күші `1157 адамға азайып, 528332 адамды құрады, жұмыспен қамтылған халық саны 1144 (502660) адамға. Жұмыссыздар саны 13 адамға (25672) төмендеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады.

Бұл ретте, жалдамалы жұмыскерлердің 1223 адамға (333 848) өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санының 2367 адамға (168 812) төмендеуі байқалады.

Халықты әлеуметтік қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында 2021 жылда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды тұлғалауда 24,9%- ға, нақты 15,7% — ға ұлғайып, 195 922 теңгені құрады.

Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтің түрлі салаларындағы қызметкерлерге тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы ғылыми-зерттеулер және әзірлемелер – 561130 теңге, ең төменгі шамасы – жұмысқа орналастыру саласындағы қызмет – 79 570 теңге белгіленді. Ең жоғарғы еңбекақы Қордай ауданында байқалады– 242593 теңге, ең төменгі Талас ауданында – 159 373 теңге.

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды тұлғалауда 11,5% -ға, нақты 2,7%- ға өсіп, 96123 теңгені құрады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі облыс бойынша 5,3% құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

2021 жылы облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады.

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 562 мектепке дейінгі ұйымдарында (431 балабақша мен 131 шағын орталық) 57,1 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды құраса, 1-6 жас – 91,5%, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңінен 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

Облыстың барлық 445 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен 4 оқушыны құрайды. 371 мектепте 2452 интерактивті тақта орнатылған, барлық 445 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

2022 жылы облыс экономикасында дамудың оң серпіні байқалады. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте Жамбыл облысында өндірілген жалпы өңірлік өнімнің көлемі 1664,3 млрд. теңгені құрады. ЖӨӨ-нің өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 3,1% өсті.

Жалпы өңірлік өнім құрылымында 21,2% – өнеркәсіпке, 12,2% – ауыл шаруашылығына, 13,7% – көлік пен байланысқа, 6,6% – құрылысқа, 9,9% – саудаға, 36,4% – өзге салаларға тиесілі.

2022 жылдың 9 айында облыс бойынша еңбек өнімділігінің өсуі 6,4%-ды құрады, бұл өнеркәсіпте (12,0%-ға), ауыл шаруашылығында (4,6%-ға), саудада (6,0%-ға), байланыста (19,4%-ға), көлікте (10,8% — ға) артуына байланысты.

859,8 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді (НКИ-110,2%). Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 10,6%-ға (618,3 миллиард теңге), электр энергиясымен жабдықтау 19,4%-ға (131,1 миллиард теңге), сумен жабдықтау – 3,5%-ға (6,0 миллиард теңге) ұлғайды.

Индустрияландырудың 3 кезеңі аясында 2022 жылы Бірыңғай Индустрияландыру картасы бойынша сомасы 56,7 миллиард теңге болатын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 595 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ірі жобалар болып табылады: «Қазфосфат» ЖШС-гі – жылына 1 миллион тоннаға дейін минералдық тыңайтқыштар өндіру, 100 жаңа жұмыс орнын құру; «Alina Group» ЖШС-гі – өндірістік алаңды кеңейту және жаңғырту, қуаттылығы – 107,7 мың шаршы метр плиталарды, 147,8 мың тонна сылақ пен желімді, 31,7 мың тонна гипсті жылына өндіру (320 жаңа жұмыс орны); «Қаратау ПРО» ЖШС-гі – ұсақ түйіршікті толтырғыштар шығаратын жұмыс істеп тұрған зауыттың өндірістік қуатын арттыру, қуаты – жылына 127 мың тонна (25 жаңа жұмыс орны).

Бұдан басқа, қуаты 13,5 МВт баламалы электр энергиясын өндіру бойынша жобалар іске асырылуда (1 және 2-кезең Шенгелді жел электр станциясының, Новатек жел электр станциясының құрылысы).

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 2022 жылы 30,6 миллиард теңге субсидия бөлінді және игерілді (республикалық бюджеттен – 20,3 миллиард теңге, облыстық – 10,3 миллиард теңге). Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 2021 жылға қарағанда 7,5%-ға өсіп, 590,2 миллиард теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 92,6 мың бірлікті немесе 129,8%-ды құрады. Тіркелген субъектілердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОБ үлесі 87,2%-ды құрайды.

Бөлшек сауда 0,1%-ға, көтерме сауда 4,2%-ға өсті. 2021 жылға қарай көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау 0,2%-ға, жолаушыларды тасымалдау – 5,9%-ға, байланыс қызметтері – 2,7%-ға ұлғайды.

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сыртқы сауда айналымы 426,4 миллион АҚШ долларын немесе 2021 жылға қарай 165,1%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 163,3 миллион АҚШ доллары (2,7 есе), импорт – 263,1 миллион АҚШ доллары (133,6%). Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 3,2%-ға ұлғайды.

Инвестиция көлемі 2022 жылдың қаңтар-желтоқсанында 423,1 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,2%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсуі Байзақ ауданында Көктал а. 600 орындық мектеп, 250 орындық орталық клиника, 3 дәрігерлік амбулатория, «Шатыркөл-Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Корцем» ЖШС-гі цемент өндіру зауытын, биофармацевтикалық зауыт базасында субстанциялар өндіру бойынша цехы құрылысына тартылған инвестиция есебінен байқалады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 277,7 млрд. теңгені немесе 2021 жылдың тиісті кезеңіне 101,0% құрады.

Өсім «Аaengineeringgroup» ЖШС Шатыркөл – Жайсан кластерінде байыту фабрикасын, «Ка-строй ЛТД» ЖШС биофармацевтикалық зауыты базасында субстанциялар өндіру цехын салу, Тасөткел су қоймасы бөгетінің сейсмикалық тұрақтылығын арттыра отырып, 2-ші кезекті қайта жаңарту есебінен қамтамасыз етілді.

Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 693,5 мың ш.м немесе 2021 жылдың тиісті деңгейіне 101,5%-ды құрады.

2022 жылы 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге 25,1 млрд. теңгеге (20,9 млрд.тг. – құнды қағаз; 3,6 млрд.тг. – арендалық үй, пилоттық жоба – 0,6 млн.тг.) бөлінді. Оның 680 пәтерлі 11 арендалық, 3 648 пәтерлі 56 кредиттік және 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба.

2023 жылдың 1 қаңтарына 25,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 99,8% игерілді.

Жыл қорытындысымен 2 260 пәтерлі (124,5 мың шм) 34 үй пайдалануға берілді (680 пәтерлі 11 арендалық, 1580 пәтерлі 23 кредиттік).

Аудандық бюджет қаражаты есебінен (сметалық құны 34,8 млрд.теңге) 2870 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үйдің 49 жобасын іске асыруға мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Бүгінге, тұрғын үй саясатының өзгеруіне байланысты аталған жобалар қолдау таппауда (Байзақ ауданы – 10 үй; Жамбыл ауданы – 4 үй; Жуалы ауданы – 11 үй; Қордай ауданы – 5 үй; Меркі ауданы – 5 үй; Мойынқұм ауданы – 4 үй; Шу ауданы – 3 үй; Талас ауданы – 4 үй; Т.Рысқұлов аудан – 1 үй; Сарысу ауданы – 2 үй.).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында облыстың 367 ауылдық елді мекенінің 270-і (622 мың тұрғын) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 2022 жылы 19,8 миллиард теңгеге 49 жоба іске асырылды. Сумен 18 ауылдық елді мекен немесе 22,6 мың адам қамтылған (77,7%). Нәтижесінде халық санына шаққанда ауыз сумен қамтамасыз ету 88,8%-дан 92,0%-ға немесе 285 ауылдық елді мекенге дейін ұлғайды.

Табиғи газбен 259 елді мекенде 1020,5 мың адам қамтылған (халыққа есептегенде 88,6%-дан 89,5%-ға дейін). 2022 жылы 18 газдандыру нысанын салуға 11,2 миллиард теңге бөлінді. 17 ауылдық елді мекен немесе 8,8 мың адам (73,5%) газдандырылды. Нәтижесінде газбен қамтамасыз ету деңгейі 89,5%-ға немесе 1029,3 мың адамға (274 ауылдық елді мекен) дейін ұлғайды.

Автожол саласына 16,2 млрд.теңге бөлінді, 605,2 км асфальт жабыны төселіп, ұзындығы 10 мың шқ жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, ал Тараз қаласында — ұзындығы 9,4 шқ Ташкент және Мәмбет батыр көшелерін реконструкцияланды. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95,0%-дан 97,0%-ға дейін ұлғайды.

2022 жылғы желтоқсан айында инфляция 19,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлар бағалары 26,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 18,2%-ға, ақылы қызметтер 12,5%-ға көтерілді.

Инфляция деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен 0,5 пайыздық тармаққа төмен (ҚР — 20,3%).

Әлеуметтік сала. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда 35347 жаңа жұмыс орындары құрылды (тұрақты – 20261, уақытша – 15086). Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 75565 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 35590 адам жұмысқа орналасты, әлеуметтік жұмыс орындарымен 1168 адам, жастар практикасымен – 1840 адам, ақылы қоғамдық жұмыс орындарымен 9847 адам қамтылды. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген 76005 адамның 38043-і жұмысқа орналастырылды.

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 243477 теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда – 13,1%-ға артты (2022 жылдың 4 тоқсаны).

Білім беру саласында облыстың жұмыс істеп тұрған 572 мектепке дейінгі ұйымдарында (449 балабақша мен 123 шағын орталық) 59,4 мың бала қамтылды. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдар қызметімен қамту 100%-ды құраса, 1-6 жас – 91,7%, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңінен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары.

Облыстың барлық 445 мектептері интернет желісіне қосылған. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бір компьютерге орта есеппен 4 оқушыны құрайды. 349 мектепте 2430 интерактивті тақта орнатылған, барлық мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілген (100%).

Облыс тұрғындары үшін жоғары мамандандырылған медициналық көмек, әсіресе кардиохирургия, урология, балалар хирургиясы және пульманология қызметтері қолжетімді. Халықтың нысаналы топтарына скрининг белсенді жүргізілуде. Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық және дәрілік көмек қамтамасыз етіледі.

Өңірлік даму. Ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде ұлттық стандарттар жүйесіндегі тірек және спутниктік ауылдарды дамыту есебінен жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерді анықтау критерийлерін бекіту әдістемесіне сәйкес даму әлеуеті бар 239 ауыл іріктелді (67 тірек және 172 спутниктік).

2021 жылы 67 ауылдық елді мекенде 8,7 миллиард теңгеге сомасына 119 жоба іске асырылды, 590 жұмыс орны құрылды.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2022 жылы 14,1 млрд.теңгеге (Ұлттық қор – 12,4 млрд. теңге, ЖБ – 1,7 млрд. теңге) 82 елді мекенде 149 жобаны (38 тірек, 43 спутниктік, 1 стратегиялық) іске асыру көзделген.

Жыл қорытындысымен 13,3 млрд.теңгеге 114 нысан іске асырылды (Ұлттық қор – 11,7 млрд. теңге, ЖБ – 1,6 млрд. теңге).

  1. Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басым бағыттары

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2023-2027 жылдары өңірдің экономикасы мен әл-ауқатының тұрақты өсуіне бағытталған «Қазақстан – 2050» стратегиясы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары мен Ұлттық даму жоспары, сондай-ақ ұлттық жобалар және т.б. негізінде бағдарланған қағидаттары арқылы орындалатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету:

– салық базасын ынталандыру мен кеңейтуге және бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға, көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған фискалдық саясатты жетілдіру жалғастырылады;

– теңгерімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит саясаты шеңберінде инфляцияны 2023 жылы 7,5-9,5%-ға, 2024 жылы 4-5%-ға, кейіннен 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін біртіндеп төмендету көзделіп отыр.

Апта сайынғы азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру жөніндегі практиканы жалғастыру, көтерме (коммуналдық) және бөлшек сауда азық-түлік базарлары мен сауда инфрақұрылымын одан әрі дамыту жолымен ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен молықтыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды жалғастыру есебінен.

Экономика салаларын дамыту арқылы:

– өнеркәсіптік әлеуетті дамыту «2021-2025 жылдарға қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті іске асыру шоты, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға баса назар аудара отырып, тиімді индустриялық саясат, цифрландыруды енгізе отырып, бәсекеге қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту;

– ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және оның экспортын арттыру, тұқым шаруашылығын дамыту, жобаларды одан әрі іске асыру, саланың барлық технологиялық процестерін цифрландыру, 2021-2030 жылдарға арналған АӨК дамыту Тұжырымдамасын және 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру есебінен ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру;

– отандық және шетелдік инвестицияларды тарту есебінен инвестициялардың өсу қарқынын жеделдету, инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, бизнес үшін тұрақты және ауыртпалық салынбайтын жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік құралдарын қолдану;

– шағын және орта бизнесті дамыту және оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесін ұлғайту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, өз ісін ашу үшін жағдайлар жасау, кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде ауыл кәсіпкерлері үшін нақты қолдау алу;

– сауда байланыстарын нығайтып дамыту, экспортты ұлғайту, ЕАЭО шеңберінде еркін сауда аймақтарын ашу, жаңа тауарлар экспортын ұлғайту;

– халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту үшін қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылады, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, ТКШ мен тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі жобалар іске асырылады, жеңілдікті қарыздар шеңберінде тиімді әлеуметтік қолдау көрсетіледі, тұрғын үйдің қолжетімділігін 1 адамға 30 шаршы метрге дейін арттыру;

– көлік-логистикалық кешенді дамыту және зияткерлік көлік жүйесін енгізу, автомобиль жолдарының сапасын арттыру, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде транзиттік жүк ағындарының көлемін ұлғайту;

– экологиялық жағдайды жақсарту, орман қорында және елді мекендерде ағаштар отырғызу, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы шеңберінде қолайлы өмір сүру ортасын құру;

– «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, цифрлық технологияларды жедел енгізу арқылы цифрландыру мен инновациялық экономиканы дамыту.

Теңгерімді өңірлік даму арқылы:

– халықтың әл-ауқатын облыстың даму әлеуетін «өсу нүктелерін» арқылы дамыту және өмір сүрудің базалық сапасын өңірлік стандарттар жүйесі негізінде арттыру;

– елді мекендерді ірілендіре отырып, өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану, моно және шағын қалаларды, дамыған инфрақұрылым құра отырып, перспективалы тірек және спутниктік ауылдарды дамыту, функционалдық қалалық аудандарды дамыту арқылы сапалы урбандалу;

– «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде іске асыру жолымен ауылдарда дамыған инфрақұрылым құрумен озық өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану.

Адами капиталдың сапасын арттыру:

– білім беру сапасын жетілдіру және арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту, педагогтердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыруды ұлғайту;

– білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оның ішінде жеке бастамалар есебінен жаңа нысандар салу және құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту;

– сапалы медициналық қызметтерге қолжеткізуді қамтамасыз ету және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін әсіресе ауылдарда арттыру. Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру үшін негізгі әлеуметтік маңызы бар инфекциялық емес және инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі іс шаралар іске асырылатын болады;

– жұмыс істейтін азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға және әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтуге, нәтижелі жұмыспен қамтуды кеңейтуге және зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру;

– Жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамтуды дамытуға, еңбек кірістеріндегі теңгерімсіздіктерді жоюға, азаматтардың өндірістік дағдыларын дамытуға, бюджеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға, ғылым мен инновациялық технологияларды дамытуға бағытталған халықтың табысын арттыру бағытталған бағдарламасы арқылы сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер бойынша дербестендірілген отбасының цифрлық картасы мен әлеуметтік әмиян енгізілетін болады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктіліктер алуға, кәсіпкерлікті дамытуға және өз ісін ашуға жағдай жасауға бағытталған «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бекітілді.

Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар оқыту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуға тартылады, сұранысқа ие кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды үйретіп, жұмысқа орналастыруға ықпал етіледі.

 

  1. Экономикалық саясатты іске асырудың негізгі шаралары:

3.1 Бюджет-салық саясаты

Орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты экономиканың өсуін ынталандыруға және қолдауға, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және орнықтылығын нығайтуға, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Адами капитал сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталатын болады.

Мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларды 2025 Стратегиялық жоспарының басымдықтары мен міндеттеріне ірілендіру жалғастырылады, сондай-ақ стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторлары мен бюджет шығыстарының үздік үйлесімін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жаңа форматы енгізіледі.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.

Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бұл ретте, мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

Жекешелендіру және мемлекет қатысатын кәсіпорындарды бәсекелес ортаға беруде бюджеттің шығыс бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға және қаражаттың тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Жоспарлы кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

2022 жылға республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 438 353 222,3 мың теңге, оның ішінде:

– ағымдағы нысаналы трансфертер – 161 535 394,0 мың теңге;

– нысаналы даму трансферттері – 82 363 924,3 мың теңге.

2022 жылға субвенция көлемі – 194 453 904,0 мың теңгені құрайды.

Шоғырландырылған бюджеттің болжамы млрд.теңге

Атауы 2022 жыл 2023 жыл 2024 жыл 2025 жыл
Түсімдер 588,7 597,0 597,1 624,0
Салықтық түсімдер 101,0 106,0 107,8 110,9
Салықтық емес түсімдер 6,4 4,1 4,6 5,1
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 11,9 16,2 16,9 17,8
Трансферттер түсімдері 438,4 454,7 463,3 485,3
Шығыстар 585,5 598,6 597,1 624,0

3.2 Инфляция деңгейін тежеу

Жаһандық жеткізілім тізбегінің бұзылуы, тауар нарықтарындағы құбылмалылық және әлемдегі белгісіздіктің жоғары деңгейі ішкі экономикалық процестерге әсер етті.

Инфляциялық процестерді тежеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингі, көтерме сауда жеткізушілерімен, сауда кәсіпорындарымен ішкі нарықты ең төменгі сауда үстемесімен азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша меморандумдар жасасу, халық тұтынатын тауарларды жеткізу тізбегінде артық делдалдық буынды анықтау және алып тастау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік азық-түлік тауарларына шекті мәндер мен шекті бағаларды белгілеу және сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзған адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту практикасы жалғасады.

Ішкі тұтыну нарығын отандық өндіріс және импортты алмастыру тауарларымен қанықтыру мақсатында ұлттық жобалар шеңберінде одан әрі отандық тауар өндірушілерді қолдау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығын тұрақтандыру мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне «айналым схемасы» бойынша қарыздар беру жөніндегі тетіктер іске асырылуда. Бұдан басқа, маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында өндірушілермен және көтерме жеткізушілермен форвардтық келісімшарттар жасасу бойынша жұмыс жалғасады.

Тұтыну бағаларына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіппен қадағаланатын және бәсекелес ішкі нарықтардың дамуын, бағалық сөз байласуға және жосықсыз бәсекелестікке қарсы күресті ескере отырып, халық тұтынатын тауарларға бағаларды тежеу жөніндегі шаралар іске асырылатын болады.

Азық-түлік нарығын реттеу және бағалардың алыпсатарлық және негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ маусымдық ауытқуларды тегістеу үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жұмыс жалғасады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын төмендетуге ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, облыс орталығы мен аудандарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жұмыстары жалғасатын болады.

3.3 Экономика салаларын дамыту

Өнеркәсіп. Өнеркәсіпті дамыту «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.

Облыстың басым өнеркәсіп саласы өңдеуші өнеркәсіп болып қала береді. 2028 жылға дейінгі кезеңде тамақ өнімдерін өндіру, химия өнеркәсібі, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру индустриялық мамандану болып қала береді. Фармацевтика өнеркәсібі әлемде коронавирустың пайда болуымен дамуда.

Облыс экономикасының жай-күйі мен серпінді дамуын жақсартуға индустрияландырудың Бірыңғай картасын іске асыру ықпал ететін болады, оның шеңберінде инвестициялар көлемі 1,6 триллион теңгеден асатын, 4,3 мың жаңа жұмыс орнын құра отырып, 38 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Химия саласы экономиканың басым саласы болып қала береді. Бұл фосфорлы шикізаттың елеулі қорларымен, фосфориттерді одан әрі әзірлеумен, фосфорды өңдеумен, минералды тыңайтқыштардың көлемдерін арттырумен және ассортиментін кеңейтумен, жаңа өндірістердің ашылуымен түсіндіріледі («Қазфосфат» ЖШС-гі, «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС-гі, «Тараз» «Химиялықпаркі», «Талас InvestmentCompany» ЖШС-гі).

Қаратау қаласында қуаты жылына 1,4 миллион тоннадан астам кешенді минералды тыңайтқыштар өндіру бойынша «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» ЖШС ірі жобасын іске асыру жүргізілуде. Инвестициялардың жалпы көлемі 356,6 миллиард теңгеден асады, 500 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бірінші кезеңде тау-кен кешені іске қосылды, Ресей мен Қазақстан арасында жобаның 2 кезеңін жүзеге асыру туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, өңірде түрік инвесторының қатысуымен құны 132,0 миллиард теңге болатын, қуаты 400 мың тонна болатын, 200 жаңа жұмыс орнын ашатын «QazaqSoda» ЖШС кальцийленген сода өндіретін зауыт салу жоспарлануда.

Азық-түлік өндірісінде құны 25,6 миллиард теңге, 170 жаңа жұмысшы құра отырып, ет құс шаруашылығын дамыту бойынша ірі жобаларды («Алель-Агро» ЖШС) іске асыру, сондай-ақ 20,8 миллиард теңгеге сүт-тауар фермасын («Qazaq Bio Product» ЖШС) салу, 160 жаңа жұмыс орнын құра отырып, жоспарлануда 2023-2024 жылдары. Бұдан басқа, 2025 жылы 209 жаңа жұмыс орнын құрумен 20,4 млрд.теңгеге бақша дақылдарын, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаны («Қарағанды – АгроИнвест» ЖШС) іске асыру жоспарлануда.

Металлургияда ішіндегі ең ірілері болып табылады: «Monterra Qazaqstan» ЖШС – алтынды игеру жөніндегі тау-кен металлургия комбинаты, инвестиция көлемі 832 миллиард теңге, қуаты 10 мың кг «Доре» қорытпасындағы алтын, 600 жаңа жұмыс орнын құрумен; «Zhanashyr Project» ЖШС – «Жайсан» кен орнын өнеркәсіптік игеру бойынша, құны 67,3 миллиард теңгеге, қуаты жылына 12 мың тонна, 200 жұмыс орнын құрумен.

Құрылыс индустриясында цемент зауытының құрылысы, ұсақ ұнтақталған мәрмәр толықтырғыш, гипс, сылақтар, желім және басқалары өндіру жоспарланған.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізі АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары болып табылады. Мақсаты – еңбек өнімділігін арттыру жолымен бәсекеге қабілетті аграрлық қайта өңдеуді құру; өнім экспортын ұлғайту отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету.

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша жоғары нәтижелер алу, заманауи технологияларды енгізу, «Жамбыл облысы халқының табысын арттыру» шеңберінде пилоттық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Нәтижесінде, 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі жыл сайын 2%-ға ұлғаяды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі (ағымдағы орташа жылдық өсу 3-4%), ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейту есебінен көкөніс, рапс, соя, жүгері, құлпынай және таңқурай өндірісін ұлғайту жоспарлануда. Мал басы 110 мыңға және құс басы 102 мыңға өседі, балық, ара өсіретін шаруашылықтарды дамыту жалғасады.

Егістік алқаптарын кеңейту, сондай-ақ пайдаланылмайтын егістік алқаптарды айналымға тарту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте 28 мың гектардан 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады. 2028 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алаңын 15 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ, аймақта бақтар белсенді түрде өсіріледі, оның ішінде қарқынды технология арқылы. Мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту қазіргі заманғы мал шаруашылығы шаруашылықтарын құру, асыл тұқымдық базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарын және қайта өңдеу кәсіпорындарын салу негізінде қамтамасыз етілетін болады.

Экспортқа бағдарланған өнімдердің (бидай – Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан; пияз – Польша, Өзбекстан; картоп – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан; жұмыртқа – Тәжікстан, Өзбекстан; мақсары майы – Германия, Нидерланды, Жапония, Иран, Қытай, макарон өнімдері –Тәжікстан, Ауғанстан, ет және субөнімдер – Қытай, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Кувейт) сыртқы нарықтарын дамыту жоспарлануда.

Облыста 3 «Ақмола», «Ырғайты», «Қалғұты» су қоймаларын салу жоспарлануда, сондай-ақ қосымша-механикалық отрядтар суармалы жерлерді қалпына келтіреді, 7 жаңа су қоймасын салады, суару каналдары мен дренаж жүйелерін қайта жаңартады. Нәтижесінде, суармалы жерлер 179 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін кеңейеді.

Жыл сайын жәрмеңкелер ұйымдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізу, әлеуметтік павильондарды ұлғайту жоспарлануда.

Туризм. Соңғы жылдары облыста ірі туристік аймақтарды салу, орналастыру орындарының санын ұлғайту, демалыс орындарын абаттандыру және көгалдандыру, ұсынылатын қызметтер тізбесін кеңейту есебінен туристік ағындар өсуінің оң серпіні байқалады.

Облыста туристік аймақтар жұмыс атқаруда: «Көне Тараз» тарихи-этномәдени, «Тектұрмас» этно-тарихи кешендері, «Көксай», «Ақ жол», «Тау қымыз», «Тау самалы» демалыс аймақтары.

Облыста ішкі және келу туризмнің одан әрі дамуы Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Жамбыл облысының 2020-2022 жылдарға арналған туризмді дамытудың Тұжырымдамалық жоспары шеңберінде іске аспақ.

Туризмді одан әрі дамыту үшін:

– 2028 жылға дейін тарихи-археологиялық және экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттарды әзірлеу;

– 2028 жылға дейін креативті шешімдер, цифрлық және ақпараттық технологиялар көмегімен облыстың туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Нәтижесінде, өңірге Қазақстандық және шетелдік туристер ағыны жылына орта есеппен 10 мың адамға ұлғайтылатын болады.

Құрылыс. Тұрғын үйдің қолжетімділігін, жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту мақсатында тұрғын үй-коммуналдық жағдайларды жақсарту және тұрғын үй құрылысын дамыту арқылы қолайлы және жайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру бойынша жұмыс «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы шеңберінде жалғасады.

2025 жылға дейін 153,4 миллиард теңге сомасына 524 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Көлік. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту облыстың елді мекендері арасындағы көлік байланысын дамытуға және жақсартуға бағытталатын болады. Жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасады, жаңа технологиялар енгізіледі. Жұмыс көлік-транзит секторының жетекші рөлін бекітуге, сондай-ақ өңірлер арасында да, өңірлер ішінде де елдің көліктік байланысын қамтамасыз етуге бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы шеңберінде жалғасады.

Облыс автомобиль жолдарының дамыған желісіне ие 2028 жылға дейін облыстың барлық аудандарында автожолды (822,5 шқ облыстық маңызы бар жол, 398,2 шқ аудандық маңызы бар жол) салу, реконструкциялау және орташа жөндеу есебінен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Тасымалдау сапасын арттыру мақсатында автобус паркін жаңарту жоспарлануда (жыл сайын кемінде 50 автобус сатып алу), ол 2028 жылға қарай 100,0%-ға дейін ұлғаяды.

Байланыс. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымда экономика саласында зияткерлік жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын жаппай енгізу, ауылда электрондық мемлекеттік қызметтерді алу, 3G және 4G технологиялары бойынша ұтқыр байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қолжетімділік арқылы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.

Базалық салалар кәсіпорындарын (қаржы секторы, мемлекеттік сектор, қалалық инфрақұрылым, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс және басқалар) автоматтандыру және цифрландыру бойынша жұмыс жалғасады.

Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында 250 және одан да көп адам саны бар барлық елді мекендерде интернет сапасын арттыру бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін болады. Ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділіктің жаңа буын технологиялары дамитын болады. Урбандалу мен экономикалық орындылықты ескере отырып, халқының саны 250 адамнан кем қалған ауылдарды Интернетке қосу пысықталатын болады.

Сауда. Ішкі сауданы дамыту сауданың қазіргі заманғы форматтарын дамыту, жұмыс істеп тұрған сауда нарықтары инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, электрондық сауданы жетілдіру жолымен жүзеге асырылатын болады.

Сауда саласын дамыту жөніндегі жұмыс «Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде сауда инфрақұрылымының қазіргі заманғы форматтарын құру және көп форматты сауда объектілерін ұлғайту бойынша жалғастырылатын болады. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын әртараптандыру, ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілердің сауымына қолайлы жағдайлар жасау түйінді міндеттер болып айқындалады.

Облыста 3 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүргізілуде (Тараз қаласы, Байзақ және Шу аудандары). «Қайқармет», «Нұралы», «Ауыл-Береке», «Жібек жолы», «Ысты», «Салтанат» сауда базарларын жаңғырту жоспарлануда.

3.4 Бизнес-ахуал мен инвестициялық тартымдылықты жақсарту

Кәсіпкерлікті дамыту облыс экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық және қаржылық емес қолдау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны», «Ұлттық қауіпсіздік» ұлттық жобалары шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Инвестицияларды тарту отандық және шетелдік инвестицияларға бағытталған. Іске асырылып жатқан инвестицияларды тартудың жаңа құралы бизнесті ұлттық экономиканы дамытуға инвестиция салуға ынталандыратын Стратегиялық инвестициялар туралы келісім.

Дауларды реттеу тетіктерін жетілдіру, оның ішінде АХҚО платформасын пайдалану, сондай-ақ әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен шынайылығы инвесторлардың заңнама тұрақтылығына деген сенімін арттырады.

Қазақстанның әлемдiк паспорт индексiндегi рейтингiн арттыру үшiн инвестициялардың көлемiне байланысты әр түрлi преференциялар беру жолымен Қазақстанда «алтын паспорт» қағидатын қолдану мүмкiндiгi қаралатын болады.

Бюджеттік инвестициялық саясат экономикадағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға, әлеуметтік, индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі мемлекеттің бастамаларын аяқтауға бағытталатын болады. Экономикалық өсуге және жұмыспен қамтуға мультипликативті әсер ететін салалар бюджеттік инвестициялар үшін басымдылыққа ие болады:

  1. Экономиканың сабақтас салаларының экономикалық белсенділігін қолдау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.
  2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту. МҚҰ-мен бiрлесiп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауыл шаруашылығын, көлiктi, логистикалық және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жөнiндегi жобалар қаржыландырылады.
  3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының объектiлерiн салу және жаңғырту, табиғи құбылыстар мен техногендiк апаттардың алдын алу жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру есебiнен азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
  4. Білім және ғылым, денсаулық сақтау, туризм және жұмыспен қамту саласындағы ұлттық жобаларды қаржыландыру есебінен әлеуметтік саланы жаңғырту.
  5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттiк функцияларды iске асыру, оның iшiнде цифрландыру саласындағы ұлттық жобаларды және бағдарламалық құжаттарды қаржыландыру есебiнен жүзеге асыру.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тартымдылығын арттыру мақсатында МЖӘ жобаларын жоспарлаудың, мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың және жеке әріптестерді іріктеудің ерекше тәртібін бекітуге қатысты түзетулер қабылданды.

3.5 Адами капиталдың сапасын жақсарту

Құрылымдық және институционалдық реформалар мен қайта құрулардың, сондай-ақ елдің ұзақ мерзімді сапалы дамуының басты ресурсы жоғары білікті адами капитал болып табылады.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік саясат «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаларына және т.б. сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саласында білім алушының тұратын жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, білім берудің қолжетімділігіне, теңдігіне және сапасына ерекше назар аударылатын болады.

Балаларды 100% қамтуды қамтамасыз ететін, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу үлкен маңызға ие болады. Оқытудың негізгі нысаны дәстүрлі нысан болып табылады, бұл ретте жеке тәртіп бойынша қашықтықтан оқытуға рұқсат етіледі.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде жекеменшік балабақшалар мен шағын орталықтар салу және ашу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту арқылы инфрақұрылымды кеңейту жалғасады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды сақтау жоспарлануда, 1-6 жасқа дейінгі балаларды қамту 92,8%-ға дейін жеткізіледі.

Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін үш ауысымда оқытатын мектептердің орнына жаңа мектептер салынады және мектептерге күрделі жөндеу жүргізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекет кепілдік берген алғашқы жұмыс кәсібін тегін алу, оның ішінде оқу орталықтары мен колледждер базасында барлық ниет білдірушілерді курстық даярлау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

Білім беру сапасын арттыру мақсатында дуальді оқытудың негізгі қағидаттары мен білім беру бағдарламаларын енгізу жалғастырылады.

Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық қолжетімді медициналық көмек көрсетуге және сапалы, қауіпсіз дәрілік препараттармен қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттары мыналар болып табылады:

– нәресте өліміне жол бермеу;

– ана өліміне жол бермеу;

– алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына мобильді бригадаларды енгізе отырып, медициналық қызметтердің қолжетімділігін 100%-ға дейін арттырып, медициналық жабдықтар сатып алу, оның ішінде жаңа туған нәрестелер реанимациясы бөлімшесі үшін.

Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарының санын ұлғайту, аз қамтылған және көпбалалы азаматтарды қолдау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға медициналық-әлеуметтік мекемелер желісін кеңейтуге ерекше назар аударылатын болады.

Мүгедек балаларға арналған оңалту және бейімдеу орталықтарын, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға арналған дағдарыс орталығын ашу жоспарлануда.

Еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыру, экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық, кәсіптік білім берудің сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдануда.

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдылар мен біліктіліктерді алу, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбек делдалдығының тиімді моделін құру үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы іске асырылуда. Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және біліктілігі жоқ өзге де адамдар жаппай оқыту және қажетті кәсіптер мен кәсіпкерлік негіздері бойынша дағдыларды дарыту, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және еңбек ұтқырлығын қолдау.

Жұмыс іздеу, азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге қолдау және еңбек ресурстарының ұтқырлығын қолдау үшін еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы, Еңбек биржасы жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Пандемия кезінде Жұмыспен қамту жол картасы іске қосылды.

Жұмыспен қамтудың жол картасын тиімді іске асыру халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етумен және экономикалық белсенділігін сақтаумен қатар қосымша жұмыс орындарын, сондай-ақ елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл ел экономикасын қалпына келтіру үшін үлкен оң нәтиже береді.

Мәдениет саласында басты назар тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауға, театр, концерт және музей қызметін, киноиндустрияны дамытуға, сондай-ақ мәдениет саласындағы жас дарындарды қолдауға, оның негізінде қалыптасқан құндылықтар жүйесіне, шығармашылық белсенділікке, танымал мәдени өнімді құру мүмкіндіктерінің бар болуына аударылатын болады.

  1. Экономиканың негізгі өсу факторлары мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы

Экономиканың дамуына елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру негізгі серпін береді, олардың шеңберінде экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұл еңбек өнімділігін, экспортқа бағдарланған өндірісті арттыру, Ұлттық жобаларды, ИИДМБ іске асыру арқылы өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру арқылы тұрғын үйді іске қосуды ұлғайту.

Инвестициялық жобалар пулын іске асыру және инвестициялық ахуалды жақсарту ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесінің артуына ықпал ететін болады.

Жамбыл облысының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған 2028 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.

2027 жылға жалпы өңірлік өнімді 3,6%-ға арттыру көзделіп отыр. Жалпы өңірлік өнім 2027 жылы 2021 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда 15,7%-ға артады.

2027 жылы орта мерзімді инфляция деңгейін 3-4% дәлізде белгіленді.

2023-2027 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі шамамен 2-3%-ды құрайды.

2023-2027 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі жылына орта есеппен 4-5%-ға өсетін болады.

Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру еңбек ресурстарының сапалы өсуіне және орта мерзімді кезеңде жұмыссыздықты 4,7%-ға дейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы өсімнің оң серпініне ие болады және 2027 жылда 358664 теңгеге жетеді.

  1. 2023-2025 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

5.1 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы

Бюджеттік саясаттың негізгі міндеттері экономиканың өсуін ынталандыру және қолдау, мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету және орнықтылығын нығайту, адами капиталдың сапасын арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын болады.

Қойылған мақсаттарға сүйене отырып, орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік саясат басымдықтары әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындап, ЖАО дербестігін арттырады.

Адами капиталдың сапасын жақсарту мақсатында бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелердің басымдығын сақтай отырып, білім беру, денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталады.

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру шеңберінде бюджеттік бағдарламаларды тексеру және тиімсіз шығыстарды оңтайландыру жұмыстары жалғастырылады болады. Әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалады.

Бұл ретте, экономикалық өсу деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін азайту немесе ұлғайту жағына түзетілетін болады.

Бюджеттік инвестицияларды жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға ғана шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізілетін болады. Осы бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге ерекше назар аударылатын болады.

Салық саясаты шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру, оның ішінде сәйкессіздіктерді жою және салық салынатын базаны ұлғайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономиканың үлесін қысқарту жөніндегі жұмыс жалғасады.

5.2 Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар 2023-2025 жылдарға бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерге (субвенциялар мен алып қоюлар) негізделетін болады.

Жалпы сипаттағы трансферттердің тұрақтылығы үш жылдық кезеңде сақталады.

2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін айқындау қағидаларына сәйкес облыс және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу тәртібі және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің болжамдары әзірленді.

5.3 Жергілікті бюджет шығыстарының басымдықтары

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары ҚР жалпыұлттық басымдықтарына сәйкес келеді және құлдырау жағдайында экономиканы қалпына келтіруге бағытталатын болады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру бірінші кезектегі бағыттар болып қалуда, оның ішінде:

  1. Халық табысының артуы мен аз қамтылған топтарын қолдауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
  2. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамыту және жаңғырту, адам капиталының сапасын арттыру;
  3. Сапалы денсаулық сақтауға қол жеткізуді қамтамасыз ету, алдын алу және салауатты өмір салтын ынталандыру;
  4. Нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қолдау;
  5. АӨК тиімділігін дамыту және арттыру;
  6. Қайта өңделген өнімнің экспортын ынталандыру арқылы ШОБ-ты қолдау;
  7. Көлік инфрақұрылымын дамыту;
  8. Экономика салаларын технологиялық жаңғырту және цифрландыру үшін жағдайлар жасау;
  9. Тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру және тұрғын үйге, оның ішінде табысы төмен азаматтар үшін қол жетімділікті арттыру;
  10. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
  11. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында босаған қаражатты даму мақсаттарына бағыттай отырып, тиімсіз имидждік шығыстар алып тасталады.Облыстың даму бюджеті қаражатының жартысы өзекті инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Бюджет саясатын іске асырудың басым бағыттары Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында, 2022 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер болып табылады.

5.4 Жалпы ұлттық басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетте AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында айтылған бастамаларды іске асыру шеңберінде мынадай бастамаларға шығындар көзделген:

– әлеуметтік кәсіпкерлікті, отбасылық жұмыспен қамтуды дамытуды қолдау;

– кәсіпкерлердің ауылда жалға берілетін тұрғын үй салуға арналған шығындарын субсидиялау;

– әрбір қалада және ауданда отбасын қолдау орталықтарын құру;

– бірыңғай білім беру онлайн-платформасын енгізу;

– 2025 жылға қарай педагогтердің жалақысын 2 есе ұлғайту;

– 2025 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе ұлғайту;

– сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алу үшін гранттар санын 50%-ға ұлғайту;

– «Бірінші жұмыс орны» жобасын іске асыру;

– жастар ұйымдарының жобаларына және волонтерлік қозғалыстарды дамытуға гранттарды қаржыландыруды 1,5 есеге ұлғайту;

– әр өңірде аға буын адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын құру;

– АӨК субъектілерін субсидиялау.

5.5 Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басымдықтары мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары мен тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттарды, міндеттер мен ережелерді, сондай-ақ «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында айтылған бастамаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру МЖӘ тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.

Бюджеттік инвестициялар үшін экономика мен жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған салалар басым болып табылады.

Бюджеттік инвестицияның негізгі бағыттары:

  1. Экономиканың сабақтас секторларын дамыту және экономикалық белсенділікті сақтау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Осы бағыт шеңберінде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны», «Ұлттық қауіпсіздік» ұлттық жобалары шеңберіндегі іс-шаралар басым қаржыландырылатын болады.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын, су және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтерін одан әрі дамыту арқылы өңірлік драйверлерді дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту.

ШОБ өндірісінің көлемін сақтау және халықты жұмыспен қамту үшін БЖК-2025 іске асыру жалғасады.

  1. Әлеуметтік саланы жаңғырту. Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау мекемелерінің желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді жою және үш ауысымдық білім беру проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту есебінен жүзеге асырылады.
  2. Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылатын шаралар басым қаржыландырылатын болады.

Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында бюджетті жоспарлау әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Бюджеттік инвестицияларды тек жоғары әлеуметтік-экономикалық қайтарымы бар жобаларға шоғырландыру және жеке инвестициялар үшін тауашаларды босату арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғасады.

Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға нәтижеге бағдарланған бюджеттеу қағидаттарын қолдану арқылы бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін күшейту жолымен қол жеткізіледі. Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support