- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

126

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стреске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4

(А-блок)

263131 302255
D-O-4

(В-блок)

226837 260564

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес)

бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік, №21-01-04.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Объектілер мен құрылыс өнімдерінің құрылысына, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың, электр және газбен жабдықтау, автомобиль және теміржолдар, ирригациялық құрылыстар, кәріз желілері, сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары, гидротехникалық құрылыстар, гидромелиорациялық жүйелер, сумен жабдықтау жүйелері, су шаруашылығы құрылыстары, жоспарланған және салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендердің құрылысына мониторинг жүргізу, оның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар, электр және газбен жабдықтау, автомобиль және теміржолдар, ирригациялық құрылыстар, кәріз желілері, сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары, гидротехникалық құрылыстар, гидромелиорациялық жүйелер, сумен жабдықтау жүйелері, Су шаруашылығы құрылыстары, құрылыс сапасын тексеру нәтижелерін жалпылау және талдау, тіркеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) хабарламаларды қарау. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға), іс қағаздарын жүргізуге (кіріс және шығыс хат-хабарларды) хабарламаларды қарау, тиісті органдарда тексеру туралы өкімдерді тіркеу, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы тексерулердің сәйкестігін тексеру. Сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік талқылау жағдайында заңдылықты қамтамасыз ету, тексеру туралы актілерді уәкілетті органда уақтылы тіркеу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – өнер және гуманитарлық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы және биоресурстар саласындағы. Мамандығы: сәулет немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе мұнай-газ ісі немесе инженерлік жүйелер мен желілер немесе су ресурстары мен су пайдалану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн білу.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жоспарлау және жобалау бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, №05-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В блогы. Білім басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардың, білім бөлімдерінің тарификациясымен штаттық кестелерін жинақтайды, анықтамалық материалдарды дайындайды. Қаржыландыру жоспарларының құрылуын үйлестіреді. Бюджеттік Кодекстің талаптарына сәйкес бюджеттік өтінімді қалыптастырады. Жылдық және айлық желілік есепті, жеке қаржыландыру жоспарларын дайындайды. Өз құзыреті шегінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітуге және орналастыруға қатысады. Білім басқармасының штат кестесін құрауды, білім басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелермен кәсіпорындардың тарификациясын дайындауды үйлестіреді, мемлекеттік тапсырыс бойынша және білім басқармасының ведомствалық мекемелерін қаржыландыруына талдау жасайды. Білімді әлеуметтік-экономикалық дамытудың орташа мерзімдік жоспарының құрылуына, статистикалық есеп берулерге бақылау жасайды. Білім бөлімдері бойынша штат кестесінің, тарификацияның дұрыс құрылуын бақылайды. Облыс бойынша жалпы оқумен қамту қорының орындалуын бақылайды, нысаналы трансферттер бойынша ай сайын есеп береді, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді. Сәйкестендіру жоспарларын құрылуын үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға, өтініштерге «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес жұмыстар жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша «Е-өтініш» бірыңғай платформасымен жұмыс жүргізеді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», Бюджет Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары бер­ген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті ор­ганда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мін­детін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты­на сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымына орналасуғаконкурс өткізу қағидаларының2-қосымшасы

Өтініш

Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ____________ (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________

________________________________________________________

Мекенжайы: ______________________

Байланыс телефондары: ________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20 __ ж. «___»_______________

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ

ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /Семейное положение, наличие детей
4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /Год окончания и наименование учебного заведения
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /Владение иностранными языками
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /Государственные награды, почетные звания (при наличии)
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения

_____________________

Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support