- Advertisement -

ТЖД хабарлайды

12

- Advertisement -

«Таразгаз терминалда» оқу-жаттығу өтті

20 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Таразгаз терминал» газ толтыру бекетінде газ сақтау цистерналарындағы өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Аталған шараға төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, атап айтқанда, жеке құрамнан 27 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Оның ішінде медициналық апаттар орталығы мен өрт сөндіру кезекшілік қызметінің қызметкерлері де бар.

Өрт-тактикалық жаттығудың шарты бойынша, аталған мекемеде сұйытылған көмірсутек газдарын цистернадан газ құбырына төгу барысында, ашу-жабуға арналған вентильді жабу кезінде ұшқын пайда болып, оның соңы өртке ұласқан. Өрт сөндіруші-құтқарушылар шақырту орнына келіп жеткенге дейін аталған мекеменің қызметкерлері өрт сөндіру және адамдарды басқа орынға көшіру жұмыстарын жүргізген. Ал, шақырту орнына жедел жеткен от жауынгерлері оқиға орнынан бір зардап шеккен адамды құтқарып, өрт сөндіру жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнында 2 газ-түтіннен қорғау буынының қызметі құрылды. Өзара әрекеттестік жұмыстарының нәтижесінде өрт дер кезінде жойылды. Шара соңында азаматтық қорғау қызметкерлері аталған мекеменің қызметшілеріне өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қорғаныш құрылыстарын дайындау жайы талқыланды

Төтенше жағдайлар департаментінде медициналық, санатталған ұйымдардың және олардың негізінде азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өтіп, азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану ережелері, ұйымдарды азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызу, азаматтық қорғаныс саласында профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі, азаматтық қорғау саласындағы ұйымдардың құқықтары мен міндеттері, «Азаматтық қорғау туралы» заң талаптары, азаматтық және мобильдік қорғаныстардың қорғаныш құрылыстарын дайындау жайы сөз болды.

Жиында департамент бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков медициналық мекемелерде, азаматтық қорғау қызметтерінде, сондай-ақ санаттарға жатқызылған объектілерде азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жүйелі және прогрессивті жұмыстар заңнамаға сәйкес қатаң түрде жүргізілуге тиіс екенін атап өтті. Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын дамыту мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені ескере және бизнеске жүктемені азайту ұмтылысын басшылыққа ала отырып, ғылыми жоба шеңберінде каркастық-модульдік үлгідегі азаматтық қорғаныстың мобильді қорғаныш құрылысының прототипін әзірлеу және дайындауды жүзеге асыру барысы туралы хабарлама жасаған азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері А.Сулиев Үкіметтің «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілгеніне назар аударды. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс құрылыстарының иелеріне «Азаматтық қорғау туралы» заңның азаматтық қорғаныс объектілерін әзірлікте ұстау және нысаналы пайдалану жөніндегі талаптары жеткізілді.

Көмірқышқыл газының зардабы зор

Жылыту пештерін пайдалану кезінде жанғыш материалдардан бөлінген улы газ қауіп тудырады.

Жыл басынан бері облыс аумағында қатты және газ тәріздес отынмен жанатын пешпен жылытудың ақаулығы салдарынан көміртегі тотығымен уланудан 1 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті. Көміртегі тотығымен уланудың барлық фактілері азаматтардың жылу құрылғыларына немқұрайлы қарауымен байланысты (өрт қауіпсіздігі талаптарын елемеу және дұрыс пайдаланбау) орын алып отыр. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері облыс аумағында тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, профилактикалық сипаттағы іс-шараларды тұрақты өткізуде.

Көміртегі тотығы – көміртегі немесе оның қосылыстары жанғанда пайда болатын түсі мен иісі жоқ газ. Бұл газ машиналардың пайдаланылған газдарында, табиғи газда, жанып тұрған көмірдің түтінінде және жарық газында болады. Көміртегі тотығын ингаляциялау ұзақтығына, сондай-ақ оның концентрациясына байланысты зардап шеккен адамда бас ауруы, жүрек айну, бас айналу немесе құлақтың шуылы сияқты улану белгілері пайда болуы мүмкін. Егер бұл өте ауыр улану болса, онда жәбірленушіде тыныс алудың сал ауруы болуы және бұл тұншығу өлімге әкелуі мүмкін.

Көміртегі тотығымен улану оқиғаларының 70 пайызы жылыту пештерінің түтін мұржаларының ақаулығынан немесе дұрыс жұмыс істемеуі кезінде орын алады. Улы газбен улануды болдырмау үшін төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Егер пеш дұрыс жұмыс істеп тұрса, онда жанармайдың жануы кезінде өндірілген көміртегі тотығының мөлшері әдетте қауіп төндірмейді. Есіңізде болсын, сақтық сақтау – көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кепілі!

Дәрігерлер кеңес берді

Жақында департаменттің бас маман-психологы Ғалия Елгембаеваның ұйымдастыруымен жеке құрам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурудың алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, профилактикалық іс-шара өткізілді.

Жиынды департамент бастығының кадр және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов ашып, жүргізіп отырды. Іс-шарада облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі, хирург-онколог Жұмабай Құрышбаев қатерлі ісік ауруларының алдын алу туралы жан-жақты баяндап берді. Сондай-ақ, облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр дәрігері Гүлдана Тіленшиева туберкулездің алдын алу туралы мағлұмат берсе, фтизиопедиатр Динара Абуова екпенің маңыздылығын түсіндірді. Дәрігерлер өз сөздерін тақырыптық бейнероликтермен толықтырып, жиынға қатысушыларға жадынамалар таратты.

 

Дайындаған Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support