- Advertisement -

«Басымды қатерге тіктім». Әлімханұлынан таяқ жеген боксшы алғаш рет пікір білдірді

110

- Advertisement -

Ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді.

Ол Жәнібек пен оның командасын құттықтады.

«Мықты боксшыға қарсы кездесуде жеңілдім. Жекпе-жекке келісімімді беріп, басымды қатерге тіккенімді алдын ала білдім. Алайда бұл айқастан бас тартқым келмеді. Маған қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Сонымен қатар, демеушілерге рақметімді айтамын. Жәнібек пен оның командасын құттықтаймын. Ол өте мықты боксшы. Аздаған үзілістен кейін қайта ораламын», — деді Дигнум.

Еске салайық, Лас-Вегастағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support