- Advertisement -

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас анықталмады – министрлік

42

- Advertisement -

Бас санитар дәрігер қазақстандықтарға Батыс Африка елдеріне бармауға кеңес берді.

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Мемлекеттік шекара арқылы елге кіретін барлық адам санитарлық-карантиндік бақылаудан өтіп жатыр.

«Аса қауіпті ауруларды жұқтырды деген күдікке ілінген науқасты мемлекеттік шекарада қашықтықтан термометрия арқылы анықтау іс-шаралары жүргізілуде», — деп атап өтті бас санитар дәрігер — денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Маймыл шешегінің белгілері қандай

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру.

Инкубациялық кезең – 5-тен 21 күнге дейін созылады. Симптомдары: дене қызуының көтерілуі, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналу.

Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен емделуге бейім.

Маймыл шешек ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер).

Инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтықтары арқылы, сондай-ақ ауру жануардың еті арқылы да жұғуы мүмкін.

Маймыл шешегі бүгінде Батыс Африка елдерінде кең таралған (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ‘ Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан). Африкада 2016 жылдан бастап, ресми ақпарат көздеріне сәйкес, ауру 20 есе өсті.

ДДҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланды, АҚШ , Израиль, Франция, Швейцария , Швеция) 110 жағдай тіркелген.

Бас санитар дәрігер жазғы демалыс және демалыс маусымының басталуына байланысты шет елдерге шығатындар үшін мынадай ұсыныстар береді:

  • маймыл шешегі өршіген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ‘ Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен);

 

  • шет елге шыққан жағдайда жабайы жануарлармен (приматтармен, кеміргіштермен) байланыс орнатпау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек термикалық өңделген етті (азық-түлікті) мұқият пайдалану;

 

  • адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдаланыңыз, қол гигиенасын сақтаңыз.

 

  • егер сапардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support