- Advertisement -

Таразда азық-түлік бағасы бақылауда

276

- Advertisement -

Бүгінде баға тұрақтылығын сақтау – басты міндет. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мен коммуналдық төлемдер де өзгермеу қажет. Қарашаның қалтасын қағып, тауар құнын шарықтатып келгендерге де тұсау салынуда. Мемлекет бекіткен шекті бағаны сақтау, делдалдардың жолын кесу, жергілікті өнімнің базарлар мен дүкен сөрелеріне кедергісіз жетуі – жергілікті биліктің жіті назарында.

Тараз қаласы әкімдігі тарапынан қаладағы барлық сауда орындары мен дүкендерге бағаны көтермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстемеақы 10-15 пайыздан асырмау туралы күнделікті түсіндіру және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін 13 мониторингтік топ бекітіліп, тиісті жұмыстар атқаруда.
Шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев та шағын аудандар мен орталықтағы ірі сауда орындары, дүкендердегі бағаны бақылауына алған. «Тарго», «Сафият», «Құлынбек», «Юбилейный», «Арзан микс» дүкендеріне ескертусіз барған қала әкімі сатушылармен және тұтынушылармен тілдесті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бағаны шарықтатпау, яғни, ілеспе құжатта (накладной) көрсетілген бағадан 10-15 пайызға асырмау керектігін ескертті.
Осындай жүйелі жұмыстың нәтижесінде қала аумағындағы сауда орталықтарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бұрын 15-20 пайыз аралығында үстемеақы қосып сатылса, қазіргі таңда 10 пайыздан аспай босатылуда.
Сондай-ақ бірқатар әлеуметтік тауарлар, мысалы көкөніс өнімдері «Арзан Микс» дүкенінде (Сәтбаев көшесі, 2Б) төмен бағада сатылуда.
Сонымен қатар «Құлынбек» дүкенінде (Сүлейменов көшесі, 34) өсімдік майының 1 литрі 760 теңгеден, «Окей» дүкенінде (Жамбыл даңғылы, №7) күріштің келісі 310 теңгеден, ас тұзы 50 теңгеден саудалануда. Ал «Юбилейный» супермаркетінде (Ниетқалиев көшесі, 7) ас тұзының келісі 40 теңгеден өткерілуде.
«Нұрила» көтерме сауда орталығында (К.Әзірбаев көшесі, 2А) жұмыртқаның 1 данасы – 33, пияздың келісі – 60, тауық етінің келісі 890 теңгеден сөреден сатылуда.
«Ақ Ниет» ет дүкенінде (Талас» (6) мөлтек ауданы, 17) сиыр етінің 1850, «Small» сауда орталығында (Жамбыл даңғылы 200) күріштің келісі – 229, тұз 45 теңгеден сөреге қойылған.
Бұдан бөлек «Абылайхан» дүкенінде («Жансая» мөлтек ауданы, 14 үй) нан әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, «Умида» (Абай даңғылы, 33) және «БК маркет» дүкенінде (Абай даңғылы, 44) жұма күндерінде нан тегін таратылуда.
Тағы бір жағымды жаңалық. Енді арзан азық-түлік алу үшін арнайы әлеуметтік дүкен іздеп әуре болмайсыз. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы тарапынан қала аумағындағы 5 ірі сауда дүкендері мен 2 базарда әлеуметтік бұрыштар ашылды.
Әлеуметтік бұрыштар «Смарт», «Сафият», «Дәмдес», «Нұрислам», «Алма» дүкендері мен «Ауыл-Береке» және «Қайқармет» сауда орталықтарында жұмыс істеп тұр. Мұнда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен сатылуда. Мәселен, күріш – 240 тг/кг, өсімдік майы – 560 тг/л, қарақұмық – 320 тг/кг, қант – 220 тг/кг, жұмыртқа – 300 тг/10 дана, рожки – 200 тг/кг, бірінші сұрыпты бидай ұны – 125 тг/кг тұрады.
Сонымен қатар облыс әкімі Б.Сапарбаевтың 2020 жылғы 17 қарашадағы №205 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу мақсатында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ «Империя» ЖК-мен бірлескен қызмет туралы шарт жасасып, жаңа форматта 11 әлеуметтік дүңгіршектер ашылып, өз жұмыстарын атқаруда.
Олар:
1. Абай даңғылы 157, «Смарт» дүкенінің маңы
2. «Қарасу» ш.а. №18 үйдің маңы
3. 15 ш.а. №31-33 үйлердің арасы
4. 15 ш.а. №21-23 үйлердің арасы
5. «Қант зауыты» алқабы, Рафинадная көшесі №1
6. «Бәйтерек» ш.а. №18 үйдің маңы
7. «Төңкеріс» т.а. №8 үйдің маңы
8. «Аса» мөлтек ауданы №40 үйдің маңы
9. «Шалғай Қарасу» алқабы, А.Байтұрсынов көшесі №28
10. «Шөлдала» алқабы, Байзақ батыр көшесі № 55 мектептің маңы.
11. «Арай-2» ш.а. №5 үйдің маңы
Ал «Талас» / «Виктория» дүкенінің, № 22 үйдің маңы/, «Қаратау» шағын аудандарында /№ 3 үйдің маңы/ ескі форматтағы әлеуметтік 3 дүңгіршек жұмыс істеп тұр.
Жыл соңына дейін жаңа форматта әлеуметтік дүкендердің санын 15-ке жеткізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Б.Майлин көшесі бойында әлеуметтік дүкеннің құрылысы жүргізілуде.
Осылайша, Таразда азық-түлікті қымбаттатпау үшін жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Баға – бақылауға алынған. Ал өзімбілермендікке салынғандар – алдымен 100 айлық, егер қайталанған жағдайда 400 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайтын болады.

Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support